Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат (31.05.2021)

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат (31.05.2021)

2021 жылғы 31 мамырда Қостанай облысында COVID-19-дың 40 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,25 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қ. - 16, Рудный қ. - 8, Жітіқара қ.- 3, Алтынсарин, Әулиекөл, Қарабалық, Сарыкөл және Федоров аудандарында 2 - ден, Арқалық қ., Мендықара және Б.Майлин аудандарында 1-ден.
28 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 10 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 2 жағдай профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 31 адамда ауру белгілері болды, 9 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 31 мамыр аралығында COVID-19-дың 15751 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 14936.