Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 8 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 20 қаңтарда № 22092 болып тіркелді
1."Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11898 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
"Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-4) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес
Ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары және олардың бланкілеріне қойылатын талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары және олардың бланкілеріне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 46-4) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және ветеринариялық құжаттарды беру тәртібін және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ "Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру", "Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру" мемлекеттік қызметтерін көрсету тәртібін айқындайды.
2-тарау. Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру тәртібі
3. Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификатты (бұдан әрі – ветеринариялық сертификат) Заңның 16-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына және 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасарлары, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары бекіткен тізім негізінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар (бұдан әрі – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы) береді.
Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ветеринариялық сертификатты алу үшін тасымалдау басталғанға дейін алдын ала (кемінде 2 (екі) жұмыс күні, осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда) аумақтық бөлімшенің кеңсесі не портал арқылы экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беруге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш және № 1-стандартта көрсетілген құжаттарды ұсынады.
5. Аумақтық бөлімше кеңсесінің маманы келіп түскен сәттен бастап 30 (отыз) минут ішінде өтінішті және № 1-стандартта көрсетілген құжаттарды тіркеуді жүзеге асырады және жауапты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторды анықтау үшін аумақтық бөлімшенің басшысына жолдайды.
Аумақтық бөлімшенің кеңсесінде қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау күні, уақыты (сағаты, минуты) көрсетіле отырып, оның көшірмесіндегі тіркеу туралы белгі болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы ветеринариялық сертификат алу үшін портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
6. Ветеринариялық сертификат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту, осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, өтініш түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде беріледі.
Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген өнімге ветеринариялық сертификат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту өтініш түскен күні беріледі.
7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор 1 (бір) жұмыс күні ішінде агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған "e-Agrіculture" ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – ББАЖ АЖ) пайдалана отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі (көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген жағдайда) не көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" портал арқылы (портал арқылы жүгінген жағдайда) өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы (көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген жағдайда) немесе портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" (портал арқылы жүгінген жағдайда) жолдайды.
9. Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың 39-тарауында көрсетілген дайын сүт, май және балық өнімдеріне ветеринариялық сертификат Еуразиялық экономикалық одақ комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Ветеринариялық сертификаттардың бірыңғай нысанына сәйкес № 4 нысан бойынша өтініш берген күні ресімделеді.
3-тарау. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру тәртібі
19. Заңның 16-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына және 4-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор және оның орынбасары бекіткен тізім негізінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытындыны (бұдан әрі – ветеринариялық-санитариялық қорытынды) береді.
20. Қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын ветеринариялық-санитариялық қорытындыны алуға қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – № 2-стандарт) баяндалған.
Ветеринариялық-санитариялық қорытынды алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге өтініш және № 2-стандартта көрсетілген құжаттарды ұсынады.
21. Ветеринариялық-санитариялық қорытынды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту өтініш түскен күннен бастап 4 (төрт) жұмыс күні ішінде ресімделеді.
22. Аумақтық бөлімше кеңсесінің маманы келіп түскен сәттен бастап 30 (отыз) минут ішінде өтініш пен № 2-стандартта көрсетілген құжаттарды тіркеуді жүзеге асырады және жауапты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторды анықтау үшін аумақтық бөлімшенің басшысына жібереді.
Құжаттарды тапсырғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
23. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор өтініш тіркелген кезден бастап 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор ББАЖ АЖ-ны пайдалана отырып, өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту береді және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" хабарлама жібереді.
24. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор өтініш түскен күннен бастап 3 (үш) күні жұмыс күні ішінде объектіге инспекциялауды жүргізеді.
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор:
1) объектіні зерттеп-қарауға дейін барып бақылау мен қадағалау жүргізу туралы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарын хабарландырады;
2) объектіні зерттеп-қарауды жүзеге асырады;
3) объектінің ұсынылған құжаттарға сәйкестігін тексереді;
4) объектінің Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға, Ветеринариялық (ветеринариялық̶̶санитариялық) талаптарға және "Жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 7-1/498 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11837 болып тіркелген), "Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (жануарларды сою), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 7-1/832 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12208 болып тіркелген), "Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 7-1/848 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12243 болып тіркелген) бекітілген талаптарға сәйкестігін тексереді;
5) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 152-бабына сәйкес тексеру нәтижелері туралы акт жасайды.
25. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыныммен объектінің осы Қағидалардың 24-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы ЭЦҚ-сы қойылған ветеринариялық-санитариялық қорытындыны (бұдан әрі – ветеринариялық-санитариялық қорытынды) не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды ресімдейді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту, ветеринариялық-санитариялық қорытындының дайын екендігі туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде дайындалған ветеринариялық-санитариялық қорытындыны аумақтық бөлімшенің кеңсесіне береді.
Аумақтық бөлімшенің кеңсесі ветеринариялық-санитариялық қорытындыны тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді.
26. Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 36/НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19961 болып тіркелген) бекітілген "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізбесіне сәйкес, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға "Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсеілетін қызметі және "Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі ̶ "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметті) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 472 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8560 болып тіркелген) бекітілген бір өтініш негізінде электрондық нысанда бірнеше мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес "бір өтініш" қағидаты бойынша электрондық нысанда көрсетіледі.
"Бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге және "бір өтініш" қағидаты бойынша есептік нөмір беруге өтінім береді.
"Бір өтініш" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – өтініш тіркелген сәттен бастап 6 (алты) күн, оның ішінде:
мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру – 4 (төрт) жұмыс күні;
өндіріс объектілеріне есепке алу нөмірін беру – 2 (екі) жұмыс күні.
"Бір өтініш" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру және жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру.
27. Ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектісінің қауіпсіздігі мониторингінің нәтижелері бойынша жануарлар саулығы мен адам денсаулығының қауіпсіздігіне төнетін қатердің расталуы;
2) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектісінің қауіпсіздігі мониторингінің нәтижелері бойынша жануарлар саулығы мен адам денсаулығының қауіпсіздігіне төнетін қатердің расталуы;
3) ветеринариялық сертификатты алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты ветеринариялық-санитариялық қорытынды алуға байланысты қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар.
28. Егер осы Қағидалардың 24-тармағы 4) тармақшасында көрсетілген талаптарға объектінің сәйкес еместігі туралы, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымы бар ветеринариялық-санитариялық қорытынды алған көрсетілетін қызметті алушы оларды жойғаннан кейін осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге қайта өтініш бере алады.
ҚР АШМ ВБ және ҚК
Жангелдин аудандық
аумақтық инспекциясы
Қостанай облысы Жангелдин ауданы,Торғай .а.
Құлжановтвр көшесі №66, тел:21824,21878