Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат (26.04.2021)

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат (26.04.2021)

2021 жылғы 26 сәуірде Қостанай облысында COVID-19-дың 26 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,18 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қ. -17, Рудный қ. -4, Федоров ауданы -2, Арқалық қ, Әулиекөл және Сарыкөл аудандарында 1-ден.
19 адам өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 6 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 1 жағдай профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 20 адамда ауру белгілері болды, 6 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 26 сәуір аралығында COVID-19-дың 14633 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 14036.