КОРОНОВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАНЫ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ

КОРОНОВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯҒА ҚАРСЫ  ВАКЦИНАНЫ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ

Вакцинация тұрғылықты жері бойынша емханада жүргізіледі. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болу керек.

Егу алдында сізден сауалнаманы, ерікті түрде ақпараттандырылған келісімді толтыруды сұрайды және жадынама береді.

Дәрігер медициналық тексеруден өткізуі керек-температураны, қан қысымын, сатурацияны және т. б. өлшеуі керек.

Вакцинациядан кейін сіз тағы 30 минут дәрігердің бақылауында боласыз, келесі 3 күн - учаскелік дәрігердің бақылауында боласыз.

Сізге егілгеннен кейін науқастанып қалған жағдайда қайда жүгінуге болатыны туралы ақпаратты беруге тиіс.

Вакцинаның екінші дозасын алғашқы вакцинациядан 21 күн өткен соң аласыз. Күні мен уақыты туралы SMS-ескерту бір күнде телефонға келеді.