№ |
Айтылған ескертулер / ұсыныстар |
Орындалуы туралы ақпарат |
1 |
Ақкөл және Ахмет Байтұрсынұлы ауылдары арасындағы Ұлыжыланшық өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысын уақытында аяқталсын |
Ақкөл және Ахмет Байтұрсынұлы ауылдары арасындағы Ұлыжыланшық өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы жоспарға сәйкес жүргізілуде. Бүгінгі таңда құрылыс жұмысының 75 пайызы аяқталды. Көпірдің құрылыс жұмыстарын 2021 жылдың 1 тамызына дейін аяқтау жоспарлануда. |
2 |
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімін жол талғамайтын автокөлікпен қамтамасыз етілсін |
Жол талғамайтын автокөлік алу үшін Мемлекеттік сатып алу порталына 2021 жылдың 19 наурызында хабарлама жарияланды. |
3 |
Коммуналдық меншікке алынған көп пәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама дайындалсын |
Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалау-сметалық құжаттама дайындауға қаражат бөлу үшін Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына бюджеттік өтінім берілді. |