Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат (21.02.2021)

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат (21.02.2021)

2021 жылғы 21 ақпанда Қостанай облысында COVID-19-дың 67 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,5 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қаласының 41тұрғыны, Лисаков қ. - 7, Рудный қ. - 6, Алтынсарин ауданында – 3, Арқалық, Жітіқара қ. Қарасу және Б. Майлин ат. ауданында 2 жағдайдан, Аманкелді және Қамысты ауданында – 1 жағдайдан.
46 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 19 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 2 жағдай стационарға жатар алдында профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 57 адамда ауру белгілері болды, 10 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 21 ақпан аралығында COVID-19-дың 11918 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 10357.