Салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер

Салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2020 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы»№382-VI Заңына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Заңына қол қойылуына байланысты салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер бойынша шолу хаттыжолдайды.
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында Салық кодексінің бүкіл мәтіні бойынша ҚЕХС-қа сілтеме жасау кезінде «халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына немесе Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес» деген тұжырым қолданылады, өйткені осы Заңға сәйкес барлық салық төлеушілер ҚЕХС қолданбайды, бір бөлігі қаржылық есептіліктің ұлттық стандарттарын (ҚЕХС) қолданады.
Салық органдары. Салық органдарының уәкілетті мемлекеттік органдармен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылы
Салық кодексінің 19-бабы 17) тармақшасымен толықтыру
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету және айыппұл төлеу мақсатында Салық кодексінің 19-бабына тауарлар мен заттарды алып қою бөлігінде толықтырулар енгізіледі.
Осылайша, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік кіріс органдарына тауарлар атауының, санының (көлемінің) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші Мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкестігі мәселелері бойынша тақырыптық салықтық тексеру жүргізу барысында құжаттарды, тауарлар мен заттарды алып қою бойынша құзырет беріледі.
Бұл шара айыппұл төлеуді қамтамасыз ету үшін тауарларды алып қоюға мүмкіндік береді, себебі тасымалдаушылардың көпшілігі ҚР бейрезиденттері болып табылады, айыппұл төлемей ҚР аумағынан шыға алады және айыппұлдар бойынша ескіру мерзімі аяқталуы мүмкін.
Салық кодексінің 13 бабын 8) тармақшасымен және 22 бабын 15) тармақшасымен толықтыру
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің уәкілетті мемлекеттік органдармен және «Атамекен» ҰКП-мен салықтөлеушімен контрагенттерді өз бетінше тексеру үшін ақпараттық жүйені енгізу және интеграциялау бойынша бірлесіп іс-қимыл жасау көзделген. Жалпы, интеграцияланған деректер базасын құру салық құпия болмайтын Қаржы министрлігінің мәліметін ескере отырып «Атамекен» ҰКП-ы базасында пысықталуда және кәсіпкерлік субъектіге қатысты жан-жақты растық мәліметтерден тұратын болады.
Өз кезегінде, бизнес субъектілер сондай мәліметтерді адалдықты, сенімділікті және компанияның нарықтағы нақты орнын анықтау үшін контрагенттерді іздеуге және идентификациялауға қолданатын болады.
Салық кодексінің 22-бабы 14) тармақшасына қосымша
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Көлеңкелі экономикаға қарсы күресте қоғамдық бақылау мақсатында төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған бақылау-касса машинасын және жабдықты (құрылғыны) қолдануды бұзу фактілері туралы хабарлаған адамға осындай факт расталған жағдайда сыйақы көзделген. Сыйақы беру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Салық міндеттемелерін орындау
Салық кодексінің 48 бабы 3 тармағының 1) тармақшасына өзгерту
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі
Түзетулер Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес сондай субъектілерге жатқызылған ірі кәсіпкерлік субъектілерге бес жыл талап қою мерзімін таратуды көздейді.
Салық кодексін 49-1 және 51-1-баптармен толықтыру, Салық кодексінің 50 және 54-баптарына өзгерістер енгізу
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Алдағы кезеңдердің салықтарын төлеу мерзімін өзгертуді көздейтін инвестициялық салықтық кредитті енгізу, бұл ретте салық төлеушілерге белгілі бір мерзім ішінде кредит сомасын кейіннен кезең-кезеңімен төлей отырып, салық бойынша өз төлемдерін 100 пайызға азайтуға мүмкіндік беріледі.
Инвестициялық салықтық кредит корпоративтік табыс салығы және (немесе) мүлік салығы бойынша үш жылға дейінгі мерзімге берілуі мүмкін.
Салық төлеушілерді салық органдарында тіркеу
Салық Кодексінің 76 бабы 8,9,10 және 11- тармақтарын алып тастау.
Тармақтардың алынынп тастауына байланысты резидент емес жеке тұлғаларды, азаматтығы жоқ адамдарды салық төлеуші ретінде тіркеу жөніндегі функция 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап алып тасталады. Резиден еместердің Салық Кодексінің 76- бабы шеңберінде салық төлеуші ретінде тіркеу резидент емес заңды тұлғалар үшін ғана жүзеге асыратын болады.
Салық кодексінің 79 бабының 4 тармағында жеке тұлғаларды жеке практикамен айналысатын адамдар ретінде тіркеу есебіне қоюдан бас тарту жөніндегі нормалар алынып тасталды. Осылайша жеке практикамен айналысатын адамды тіркеу кезінде бас тарту қарастырылмаған.
Салық берешегінің мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары
Салық кодексінің 128-бабы 2 және 3-тармақтарына толықтырулар енгізілді.
Салық бұйрығын тапсыру тәртібіне қатысты норма қарастырылған (Салық кодексінің 115-бабының 1-тармағына сілтеме енгізілген).
Салық бұйрықтарының күшін жою себептері толықтырылды, атап айтқанда, егер салық берешегі салықты дұрыс есептемеу (есептеу) нәтижесінде пайда болса және салық бұйрығын шығару тәртібі бұзылса.
Салықтық тексерулер
Салық кодексінің 139-бабы 1-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацына өзгерістер енгізу
Енгізілген өзгерістер Мемлекеттік кірістер органдарына Қазақстан Республикасының (ЕАЭО елдері және басқа елдер) резидент емес салық төлеушілеріне қатысты тақырыптық салықтық тексерулер жүргізуге өкілеттік беруге мүмкіндік береді.
Осы түзету бұзушылықтардың алдын алу мақсатында автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуін қамтуға ықпал ететін болады.
Салық кодексінің 142-бабы 15) тармақшасының екінші абзацын толықтыру
ЕАЭО елдері арасында Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік тасымалдарды жүзеге асыратын автокөлік құралдарына қатысты бақылауды қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап тауарларға ілеспе жүкқұжаттардың болуы, сондай-ақ оларда дұрыс емес мәліметтерді көрсету мәселелері бойынша тақырыптық салықтық тексерулер жүргізу көзделеді.
Бақылау касса машиналарын қолдану
Салық кодексінің 168-бабының 3-тармағында деректерді беру функциясынсыз бақылау-касса машиналарына салықтық өтініш берудің электрондық әдісі алынып тасталды.
Бақылау-касса машиналарын пайдалану орнын ауыстыру кезінде Салық кодексінің 169-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы алынып тасталды, бақылау-кассалық машинаны пайдалану орнын тіркеуден шығармай өзгертуге болады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету уақытын қысқарту
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қанағаттану деңгейін арттыру үшін 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап келесі қызметтерді көрсету мерзімдері қысқартылды:
˗ салықтық өтініш бойынша салық декларациясынкері қайтару - салықтық өтініш берілген күннен бастап 1 жұмыс күніне дейін;
˗ салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру - бір жұмыс күніне дейін;
- әділет органдарының талабы бойынша қарыздың болмауы (болуы) туралы ақпарат - үш жұмыс күніне дейін;
- салықтарды, бюджетке төлемдерді, өсімпұлдар мен өсімпұлдарды есепке алу/қайтаруды жүзеге асыру қысқартылды - 5 жұмыс күніне дейін.
Салықтық бақылаудың өзге де нысандары
Салық кодексінің 176-бабына толықтырулар және өзгерістер
ЕАЭО елдері арасында халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (бұдан әрі – ТІЖ) ресімдеу тәртібінің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Салық кодексінің 176-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасына толықтырулар енгізіледі.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен шекарасын кесіп өткенге дейін ТІЖ ресімдеу көзделген.
Жалған транзиттеу фактілерін уақтылы анықтау және жолын кесу мақсатында 176-баптың үшінші бөлігі Қазақстан Республикасының аумағына кіру кезінде автомобиль өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ЕАЭО елдері арасында транзиттік тасымалдарды жүзеге асыру кезінде ТІЖ ресімдеу қажеттілігін көздейтін 4) тармақшамен толықтырылды.
Салық кодексінің 428, 447, 455, 456, 458-баптарына толықтырулар мен өзгерістер
Салық есептілігін оңтайландыру мақсатында жанама салықтар бойынша декларацияны тапсыру қажеттілігі алынып тасталады (СЕН 320.00).
Корпоративтік табыс салығы
Дивидендтерге және құн өсімінен түсетін кірістерге салық салу
Салық кодексінің 228-бабы 7-1-тармағымен толықтыру
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Резидент емес заңды тұлғадан оларды сатып алған, қайта ұйымдастыру нәтижесінде алған, өтеусіз алған немесе заңды тұлғаның мүлкін бөлу кезінде оны тарату немесе жарғылық капиталды азайту кезінде алған жағдайларда активтердің бастапқы құнын айқындау бөлігінде нақтылаулар енгізілді.
Салық кодексінің 228-бабы 10-тармағына өзгеріс
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» ҚР Заңына сәйкес келтіру мақсатында жарғылық капиталға салым құны, қосымша салым, бірақ төлем сомасынан артық емес көзделеді.
Қаржы секторына салық салу
Салық кодексінің 232-бабын 2-1 және 7-тармақтарымен, Салық кодексінің 250-бабының 3-1-тармағымен толықтыру
Құрылған провизиялар бойынша кірістерді танымау жөніндегі жеңілдікті ұзарту:
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданысқа енгізіледі
-сот шешімі бойынша өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90% - дан астамы 2013 жылғы 31 Желтоқсанда Ұлттық басқарушы холдингке немесе бұрын осындай банк болып табылған заңды тұлғаға (БТА Банкі) тиесілі Банктің атауы);
Салық кодексінің 232-бабы 5-тармағының 12) тармақшасымен толықтыру
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданысқа енгізіледі
-2018 жылғы 1 қаңтарға дейін құрылған, қайта ұйымдастыру нәтижесінде «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған банк қосылған, провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар банк (Халық банк).
Салық кодексінің 292 бабы 1 тармағын 13), 14) және 15) тармақшаларымен толықтыру
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Екінші деңгейлі банктердің несие портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын ұйым үшін (ПНҚ) КТС салынбайтын кірістердің жаңа түрлері көзделген:
- дербес немесе банктермен бірлесіп меншікті активтерді жарғылық капиталға беру арқылы күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алатын ұйымдар құру, оларды басқару;
- талап ету құқықтарын өтеу есебіне қабылданған, банктерден және (немесе) бұдан бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған және (немесе) алынған және ХҚЕС-ке сәйкес активтер ретінде есепке алынатын мүлікті өткізу;
- талап ету тоқтатылған міндеттемелерді ішінара немесе толық есептен шығару.
Салық кодексінің 248 бабы 1 тармағының 3) тармақшасына, 2 тармағының 4) тармақшасына өзгерістер енгізу
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Күмәнді талаптарды тану бойынша нақтылаушы түзетулер:
- үш жылдық кезең ішінде қанағаттандырылмаған талап ету құқықтары бойынша банктік несие (қарыз) шарттары және микронесиелер ұсыну туралы шарттар бойынша заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде ЖЖТ құрамына айыппұлдар мен өсімпұлдарды енгізуге байланысты күмәнді талап деп тану;
- банктік несие (қарыз) шарттары және микронесиелер ұсыну туралы шарттар бойынша, талап ету құқықтары бойынша заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде ЖЖТ құрамына айыппұлдар мен өсімпұлдар енгізілген жағдайда, күмәнді талаптар шегерілуі тиіс.
Сондай-ақ борышкер іс-жүзінде төлеген сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма екінші деңгейлі банктердің несие портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымнан несиелер (қарыздар, микронесиелер) бойынша талап ету құқығын сатып алатын салық төлеушінің талап ету құқығын шеттетуден түскен табысы болып табылады. Бұл коллекторлардағы сияқты табысты танудың ерекше тәртібі.
Әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
Салық кодексінің 290-бабы 3-тармағына өзгерістер енгізілді
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Мүгедектер ұйымдары үшін КТС-тен босатуды қолдану шарттары қайта қаралды:
-еңбекке ақы төлеуге арналған шығыстардың саны мен сомасы бойынша шарттар есепті салық кезеңінде ғана емес, алдыңғы есепті салық кезеңінде де сәйкес келуге тиіс;
-егер кірістердің 90% - ы өндірісі осындай ұйымның қызметкерлері болып табылатын мүгедектердің қатысуымен жүзеге асырылған өндірілген (дайындалған) тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден және алынған кірістерді осындай ұйымның қызметін жүзеге асыруға жіберуден алынса (алынуға тиіс).
Бұл жағдайда шартқа сәйкестік анықталады:
әділет органында тіркеу жүзеге асырылған есепті салық кезеңі үшін – жаңадан құрылған (пайда болған) ұйымдар;
қызметін ұзақ мерзімді келісімшарт шеңберінде жүзеге асыратын ұйымдар - осындай келісімшарт қолданылатын бүкіл кезең ішінде.
Салық кодексінің 293-бабы 1 және 2-тармақтарын толықтыру
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Бербоут-чартер, тайм-чартер шарттары бойынша теңіз кемесімен тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушіні КТС-тан босату.
КТС бойынша шегерімдер
Салық Кодексінің 243-бабы 17-тармағымен толықтыру
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Міндетті зейнетақы жарналарынан басқа, салық агентінен шегерімге қызметкердің пайдасына төленген ерікті зейнетақы жарналары да жатады.
Салық кодексінің 264-бабы 22) тармақшасымен толықтыру
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1 000 АЕК-тен (2 750 000 теңге) жоғары мәмілелер бойынша шығыстар сомасын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуші ҚҚС төлеуші болып табылатынына немесе табылмайтынына қарамастан, осындай шығыстар бойынша ЭШФ болған кезде КТС бойынша шегерімге жатқызуға құқылы.
Салық кодексінің 322-бабы 1-тармағының екінші бөлігімен толықтыру
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Салық төлеушінің басқару органы (Директорлар кеңесі) мүшелерінің сапарлары кезінде шегерімдерді алып тастау.
Салық Кодексінің 243-бабы 15-тармағына өзгерістер енгізу
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Тауар белгісінің фирмалық атауымен және (немесе) қызмет көрсету белгісімен (бұрын тек сублицензиялық келісім болған жағдайда) тауарларды өткізетін салық төлеушілер үшін мұндай тауарды меншік құқығының болуына қарамастан, оны қолдауға және (немесе) сату көлемін ұлғайтуға бағытталған қызмет бойынша шегерім кеңейтілді).
Салық кодексінің 264-бабы 4) тармақшасына өзгерістер енгізілді
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Үзінді-көшірме заңды күшіне енген сот актісімен немесе қылмыстық тергеу органының ақталмайтын негіздер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулысымен танылған, жеке кәсіпкерлік субъектісі жұмыстарды іс жүзінде орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура және (немесе) өзге де құжат бойынша шығыстар шегерімге жатпайды.
Салық кодексінің 264-бабы 22) тармақшасымен толықтыру
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Төлем кезеңділігіне қарамастан, 1000 еселенген АЕК-тен асатын сомада қосылған құн салығы ескеріле отырып, төленуі қолма-қол есеп айырысу арқылы жүргізілген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша шығыстар (ҚҚС төлеушінің) шегерімге жатпайды.
Салық кодексінің 271-бабы 7-тармағының төртінші бөлігімен толықтыру
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Жер қойнауын пайдаланушылар жер асты суларын өндіруге арналған келісімшарттар бойынша инвестициялық салық преференцияларын пайдалануға құқылы.
Қосылған құн салығы
Салық кодексінің 394-бабы 38) тармақшасына өзгерістер енгізу
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Дистрибьюторлар мен компоненттерді сату кезінде ҚҚС-тан босату қарастырылған (қазір олар көлік құралдары мен ауылшаруашылық техникаларын сату кезінде, сондай-ақ импорт кезінде босатылады.
Салық кодексінің 394-бабын жаңа 47-тармақшамен толықтыру)
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Осы тармақта көзделген белгілі бір шарттарды бір мезгілде сақтай отырып, арнайы экономикалық аймақтардың аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру кезінде өндірілген және өткізілетін тауарларды ҚҚС-тан босату көзделген. Бұл босату барлық АЭА үшін қарастырылған.
ҚҚС-тан босату кезінде:
Салық кодексінің 394-бабын жаңа 49)тармақшамен толықтыру
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Дүниежүзілік пошта одағына мүше басқа елдердің тағайындалған операторларының халықаралық пошта жөнелтілімдерінің транзиті бойынша Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес бірыңғай құжаттармен ресімделген, тағайындалған оператордың қызметтер көрсетуі бойынша;
Салық кодексінің 394-бабын жаңа 50)тармақшамен толықтыру
2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады
автомобиль көлігімен жолаушыларды қалалық (ауылдық), қала маңындағы, ауданішілік, ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынастарда, сондай-ақ трамвайлармен әлеуметтік мәні бар тасымалдауды жүзеге асыру бойынша ғана қызметтер көрсету.
ҚҚС бойынша қосымша есепке алуды қолдану
Салық кодексінің 411-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына өзгерістер енгізу туралы
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады
ҚҚС бойынша қосымша есепке алу қолданылатын қызмет түрлерінің тізбесі қызметтің мынадай түрлерімен толықтырылды:
мақта талшығын, мақта талшығын дайындау;
ашытқы өндірісі;
салық төлеуші агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен келісім жасасқан жағдайда шоколадты, қантты кондитерлік бұйымдарды, печенье мен ұзақ сақталатын ұннан жасалған кондитерлік бұйымдарды өндіру;
қант қызылшасынан қант өндіру.
ЭШФ жазып беру
Салық кодексінің 412-бабы 1-тармағының 7), 8) және 9) тармақшаларымен толықтыру
2021 жылғы 1 сәуірден бастап қолданылады
ЭШФ жазып беруге міндетті салық төлеушілердің тізбесі мынадай санаттармен толықтырылады:
мұндай салық төлеушілерге ЭШФ АЖ «Виртуалды қойма» модуліне келіп түскен тауарларды өткізген жағдайда ҚҚС төлеуші болып табылмайтын салық төлеушілер;
құны 1 000 еселенген АЕК мөлшерінен асатын азаматтық-құқықтық мәміле бойынша резидент заңды тұлғалар (ММ және мемлекеттік орта білім беру ұйымдарын қоспағанда), Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, дара кәсіпкерлер, ҚҚС төлеуші ретінде тіркелмеген жеке практикамен айналысатын адамдар.
Салық төлеушілер-жүктерді халықаралық тасымалдау қызметтері бойынша.
ҚҚС әкімшіліктендіру
Салық Кодексінің 83-бабы 1-тармағын толықтыру.
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
ҚҚС бойынша тарату декларациясын ұсыну бойынша салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету үшін салық органының шешімі бойынша тіркеу есебінен шығару кезінде ҚҚС бойынша тарату декларациясын ұсыну бойынша салық міндеттемесі орындалған жағдайда ҚҚС бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою көзделген.
Салық кодексінің 152-бабы 2-тармағының жаңа абзацымен толықтыру.
Мониторингтік кәсіпорындарға ҚҚС артуын қайтару кезінде тексерулер жүргізу мерзімдерін қысқарту мақсатында ҚҚС арту сомаларының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық тексерулер жүргізу кезінде ҚҚС бойынша декларацияда көрсетілген ҚҚС арту сомасын қайтару туралы талап қойылған салық кезеңінің тексерілетін кезеңіне енгізу көзделген.
Салық кодексінің 387-бабының 3-тармағына толықтыру енгізілді.
Халықаралық тасымалдаушыларды қолдау мақсатында бірнеше тасымалдаушы тікелей халықаралық темір жол-паром қатынасында ғана емес, сондай-ақ жүкті темір жол көлігінен су көлігіне ауыстырып тией отырып, халықаралық темір жол-су қатынасында да халықаралық тасымалдауды жүзеге асырған жағдайда, тасымалдаушылар темір жол және су көлігімен жүзеге асыратын тасымалдау халықаралық деп танылады. Салық кодексінің 399-бабы 1-тармағының 18) тармақшасымен толықтыру.
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың айналым қаражатын бөлмеу мақсатында Салық кодексінің 49-бабы 10-тармағының талаптары сақталған және Салық кодексінің 457-бабында белгіленген талаптар орындалған жағдайда тауарлар импорты бойынша айналымдарды ҚҚС-тан босату көзделген.
Салық кодексінің 400-бабы 5-тармағына өзгерістер енгізу.
Нақтылаушы түзету, оған сәйкес ҚҚС бойынша есепке жатқызу салық кодексінің 369-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген талап орындалғаннан кейін қызметтің тоқтатылуына байланысты емес, салық төлеушінің ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарылуына байланысты ҚҚС бойынша тарату декларациясы ұсынылған салық кезеңінде ҚҚС асып кету сомасына азайтылуға жатады.
Салық кодексінің 424-бабы 4-тармағына өзгерістер енгізу.
ҚҚС бойынша тарату декларациясын ұсыну мерзімдерін қысқарту мақсатында ҚҚС бойынша тарату декларациясын осындай есептен шығару жүргізілген айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына табыс ету көзделген.
Салық Кодексінің 429-бабына өзгерістер енгізу.
ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарылған салық төлеушілер бойынша салық органдары қалыптасқан ҚҚС асып кетуін есептен шығаруды жүргізуге құқылы:
Салық кодексінің 85-бабы 4-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, салық органының шешім шығару күніне;
Салық кодексінің 369-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген талаптар орындалғаннан кейін.
Бұл ретте Салық Кодексінің 429-бабының 9-тармағы алып тасталды.
Салық кодексінің 431-бабына өзгерістер енгізу.
Түзетуге сәйкес ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару мерзімінің өтуі салық кодексінің 424-бабының 1-тармағына сәйкес ҚҚС бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік отыз күн өткеннен кейін басталады.
Салық кодексінің 434-бабы 2-тармағына өзгерістер енгізу.
Қазақстандық өнімнің экспортын ынталандыру мақсатында өз өндірісінің тауарларын экспорттайтын салық төлеушілерге ҚҚС асып кету сомасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде оңайлатылған қайтаруды көздейтін толықтыру енгізілді.
Салық кодексінің 433-бабының абзацымен толықтыру.
Бенефициар банкі қайтаруды жасаған, оның ішінде бенефициар шотының жабылуына байланысты ҚҚС бақылау шотына төлемдерді есептеу көзделген.
Акциздер
Салық кодексінің 463-бабы 4-тармағы 1) тармақшасының 18, 21, 22-жолдары
Қазақстан Республикасында заңсыз темекі өнімдерінің таралуын болдырмау үшін акциздердің мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен арттыру көзделген. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарында өткізілетін темекі өніміне арналған акциздер ставкаларын үйлестіру (жақындастыру) «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің темекі өніміне арналған акциздер саласында салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы Келісім» (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 9 желтоқсандағы №911 қаулысы) шеңберінде 2024 жылға қарай өткізілетін болады.
Салық кодексінің 1-бабы 1-тармағының 41) тармақшасын өзгерту және 74-1) тармақшасымен толықтыру
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің қабылдануына байланысты Салық кодексінде пайдаланылатын негізгі ұғымдарға толықтыру мен редакцияны өзгерту көзделген: электрондық тұтыну жүйелерінде пайдалану үшін қыздырылған темекісі бар бұйымдар және құрамында никотин бар сұйықтық.
Салық Кодексінің 462-бабы 1-бөлігінің 5) тармақшасына өзгерістер енгізу
Қазіргі уақытта газхол, бензанол, нефрас, жеңіл көмірсулар қоспасы, экологиялық отын түріндегі бензиннің ЕАЭО елдеріне экспорты ұлғайды, бұл ішкі нарықта мұнай өнімдерінің тапшылығына алып келеді және көлеңкелі айналымның ұлғаюына ықпал етеді.
Осыған байланысты акцизделетін тауарлар тізбесіне жаңа тауарлар енгізілді, атап айтқанда газохол, бензанол, нефрас, жеңіл көмірсулар қоспасы, экологиялық отын.
Салық кодексінің 463-бабы 4-тармағы 1) тармақшасының 7-жолына өзгерістер енгізу
Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы алкоголь нарығына қолжетімділікті ашу жөніндегі шарттарды орындамағанын және тиісінше, Қазақстан Республикасы акциздер мөлшерлемелерін үндестіру жөніндегі барлық шарттарды орындағанына қарамастан, бүгінгі күнге дейін ЕАЭО шеңберінде алкоголь нарығын реттеу туралы келісім қабылданбағанын атап өткен жөн. Осыған байланысты, отандық тауар өндірушілер үшін кедергілерді жою мақсатында акциздің мөлшерлемесін 2017 жылғы деңгейге қайтару қажет. Норманы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізу
Анықтама: 2020 жылғы 21 қазанда Премьер-Министрдің бірінші орынбасары А. Ә. Смайылов кеңесінің хаттамасымен. алкоголь саласына салық салу мәселелері бойынша араққа акциз мөлшерлемесін 2017 жылдың деңгейіне дейін төмендету тәсілі мақұлданды.
Алымдар, төлемдер, мемлекеттік баж
Салық Кодексінің 554-бабы 10-тармақпен толықтырылды.
«Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденті болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның резиденттігін растайтын құжатты бергені үшін 7000 АЕК мөлшерінде алымның жаңа мөлшерлемесі белгіленді, ол 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылады.
564-баптың 3-тармағы екінші бөлікпен толықтырылды.
«Жеке тұлғалар бойынша осы Кодекстің 528-бабының 2) тармақшасында көрсетілген уақытша өтеулі жер, пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша төлемақы мөлшері осы Кодекске сәйкес жеке тұлғалардың осындай жер учаскелері бойынша есептелген мүлкіне салынатын салық сомасының мөлшерінен төмен белгіленбейді.».
Осы түзету жеке тұлғалар бойынша мүлік салығы сомасының мөлшерінен төмен емес жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы ставкасын белгілеу мақсатында көзделген. Түзету 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.
Салық кодексінің 582-бабы 4-тармағының кестесі 4.5-жолмен толықтырылды.
«Артемия» су омыртқасыздарының жаңа түрі қосылды, ол үшін жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін 1 кг үшін 0,0043 АЕК мөлшерлемесі бойынша төлем алынатын болады. Түзету 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.
Салық кодексінің 583-бабының 2-тармағы келесі редакцияда толықтырылды, ол 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі:
Осы нормамен бюджетке жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін, атап айтқанда, кәсіпшілік балық аулау объектілері бойынша, бюджетке төленуге тиісті төлемақы сомасы ағымдағы жылғы кәсіпшілік балық аулау объектілерін алып қою квоталары бойынша АЕК-тің 350 еселенген мөлшерінен асатын сомада төлемақы төлеу мерзімдері белгіленген.
Салық кодексінің 609-бабының 1-тармағы және 613-бабы тиісінше 22) және 5) тармақшаларымен толықтырылды.2022 жылғы 1 қаңтардан бастап
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат бергені үшін 4 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баждың жаңа объектісі орнатылды.
Салық кодексінің 615-бабы 3) тармақшасының екінші абзацыжаңа редакцияда толықтырылды. Түзету 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.
Жол жүру құжатын бергені үшін 8 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж алу көзделген.
Салық кодексінің 622-бабы 5) тармақшасының бірінші абзацыжаңа редакцияда жазылған.
Бұл түзету мемлекеттік баж бойынша жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін беру кезіндегі жеңілдікті болдырмайды. Түзету 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.
Салық кодексінің 616-бабы Жаңа 26-1) тармақшасымен толықтырылды.
Бұл түзетумен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының соттарында талап қою және борышкерлерден зейнетақы активтеріне қатысты міндеттемелерін орындамауына байланысты пайда болған берешекті өндіріп алу бойынша жүргізілетін жұмыстар шеңберінде соттардың шешімдеріне шағым жасау кезінде мемлекеттік баж төлеуден босату көзделген.
Бұл түзету 01.01.2021 жылдан бастап қолданылады.
Резидент еместерге салық салу
Салық кодексінің 666-бабының 3-тармағы
Халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес келтіру мақсатында Салық кодексінің 666 бабының 3 тармағына келесі өзгеріс енгізілді: түпкілікті (нақты) алушы (иеленуші) шарты қолданады, егер кіріс салық агентімен өзара байланысты бейрезидент тұлғаға төленген жағдайда.
Осы өзгеріс 01.01.2018 жылдан бастап 01.01.2021 жылға дейін қолданылады.
Салық кодексінің 667 бабының 1 тармағы
Бейрезидент түпкілікті (нақты) алушы (иеленуші) болған жағдайда халықаралық шарттың ережелері қолданылатын шартымен толықтырылды.
Осы өзгеріс 01.01.2018 жылдан бастап қолданылады.
Салық кодексінің 675 бабының 1 тармағының 1) және 2) тармақшалары
Резиденттікті растайтын құжатты электронды апостильмен легализациялау мүмкіндігімен толықтырылған. 01.01.2019ж. бастап күшіне енетін өзгерістер.
Салық кодексінің 217 бабының 2-1) тармақшасымен толықтырылады
01.01.2021ж. бастап күшіне енетін өзгерістер
«Астана» халықаралық қаржы орталығы» туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (бұдаг әрі – АХҚО) сәйкес келтіру мақсатында Салық кодексінің 217 бабы жаңа 2-1 тармағымен толықтырылды. Осы тармақ бойынша егер «АХҚО инвестициялық резиденті-жеке тұлға ағымдағы салық кезеңі аяқталатын кез келген қатарынан он екi айлық кезеңде кемiнде күнтiзбелiк тоқсан күн Қазақстан Республикасында болса, ол ағымдағы салық кезеңінде Қазақстан Республикасында тұрақты болған деп танылады.
Салық кодексінің 218 бабының 2 тармағының 4 тармақшасымен толықтырылады
АХҚО инвестициялық резидентінің салық резиденттігін растайтын ережесі көрсетілген 4) тармақшамен толықтырылды.
Салық кодексінің 221-бабына және 666-бабының 3-тармағына өзгерістеренгізіледі
Салық базасын жою және салық салудан түскен пайданы алып тастауға қарсы тұру мақсатында салықтық шарттарға байланысты шараладрды жүзеге асыру туралы көпжақты конвенцияның (MLI) ежелеріне сәйкес келтіру мақсатында Салық кодексінің 221 және 666 бабтарына өзгерістер енгізілді. Салық кодексінің 221 бабында «Резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматыә деген сөздер «тұлға» деген сөзге ауыстырылды.
Салық кодексінің 66 бабының 3 тармағының өзгерістеріне сәйкес: «Салық агентінің бейрезидентке кірісті төлеу немесе бейрезиденттің есепке жазылған, бірақ төленбеген кірісін шегерімге жатқызу кезінде салық салудан босатуды дербес қолдануға құқығы бар.
Қазақстан Республикасы көпжақты халықаралық шартпен өзгерістер енгізілмеген халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылатын бейрезидент-өзара байланысты тарапқа кіріс төленген жағдайда, онда салық агенті мұндай бейрезидент кірісті түпкілікті (нақты) алушы (иеленуші) болып табылатын жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесін қолдануға құқылы.
Қазақстан Республикасы көпжақты халықаралық шартпен өзгерістер енгізілген халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылатын бейрезидент-өзара байланысты тарапқа кіріс төленген жағдайда, салық агенті бір мезгілде мынадай шарттар орындалған кезде осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесін қолдануға құқылы:
мұндай кіріс резиденті бейрезидент болып табылатын шет мемлекеттегі бейрезиденттің салық салынатын кірісіне енгізілуге жатады және есепті кезеңде осындай кірісті салық салынатын кірістен алып тастау және (немесе) салық салынатын кірісті осындай кіріс сомасына азайту (түзету) және (немесе) осы салық салынатын кірістен төленген салықты есепті және (немесе) кейінгі кезеңдерде қайтару құқығынсыз салық салынуға жатады;
резиденті бейрезидент болып табылатын шет мемлекетте осы кіріске салық салу кезінде қолданылатын номиналды салық мөлшерлемесі есепті кезеңде кемінде 15 пайызды құрайды.
Осы тармақтың үшінші бөлігінің мақсаты үшін номиналды мөлшерлеме деп шет мемлекеттің салық заңнамасында белгіленген мөлшерлеме түсініледі».
Салық кодексінің 666 бабы 9-тармақпен толықтырылды Халықаралық шарт ережелерінің мемлекеттік бюджетке салықты төлемеуге немесе толық төлемеуге алып келген құқыққа сыйымсыз қолданылуы кезінде салық агенті Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады».
Салық кодексінің 645 және 654 баптарына өзгерістер енгізілді.
Өзгеріске сәйкес жеңілдік тек салық салынған кіпрістерге қолданылады. Сондықтан, егерде салық есебінде салық агенті залал көрсетсе, немесе салық салынатын кіріс ноль болса, немесе салық агенті табыс салығын төлеуден босатылса, онда жеңілдік қолданылмайды.
Салық кодексінің 672-бабы 8-тармағының 5) тармақшасымен толықтырылады
Осы тармақша бойынша бейрезиденттің төленген табыс салығын халықаралық шарт негізінде бюджеттен қайтарып алуғаөтінішті қайта ұсынған жағдайда қараудан бас тарту жағдайлары тізімі кеңейтілген.
Қазақстан Республикасының азаматтары жеке тұлғаға электронды қызмет, жұсым көрсеткен бейрезиденттің айналымына қосылған құн салығын салу мақсатында
Салық кодексі жаңа 25 бөлімімен толықтырылды.Осы бөлім 90 тарауды және 777, 778, 779, 780 баптарды құрайды.
Көрсетілген баптарда негізгі ұғымдар, тіркелу шарты, жалпы ережелер және қосылған құн салығын есептеу мен төлеу тәртібі
Осыған байланысты, Салық кодексінің 241, 373, 378, 424, 441 баптарына редакциялық өзгерістер енгізілді. 01.01.2022ж. бастап күшіне енетін өзгерістер
Арнаулы салық режимдері
Салық кодексін 77-1-тараумен толықтыру
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады
Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасына сәйкес, пандемиядан зардап шеккен секторларда жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін бөлшек салықты АСР енгізу бөлігінде Салық кодексіне өзгерістер енгізілді.
Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін салық төлеушілер, егер олар:
1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып танылса;
2) осы режимді қолдану мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асырса, қолдануға құқылы.
Қызмет түрлерінің тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгiленедi.
АЭА аумақтарында қызметін жүзеге асыратын тұлғаларға салық салу
Салық кодексінің 708-бабы 4-тармағына өзгерістер енгізу
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған аяқталған келісімшарт бойынша инвестициялық салық преференцияларын қолданған ұйым АЭА қатысушысы ретінде тіркелуге құқылы.
Инвестициялар туралы келісім
Салық кодексін 708-баптың 4-тармағына жаңа 80-1-тараумен, жаңа 712-1, 712-2, 712-3-баптармен толықтыру
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Жаңа инвестицияларды тарту мақсатында салықтар бойынша мынадай преференцияларды көздейтін инвестициялар туралы келісім енгізіледі: Инвестициялар жөніндегі келісімде айқындалған қызмет түрлерінен түсетін кірістер бойынша КТС-ты 100 пайызға азайту, жер салығын есептеу кезінде 0 коэффициенті, мүлік салығын есептеу кезінде салық базасына 0 пайыз ставкасы, АЭА (ЕЭА) аумағында қызметті жүзеге асыру кезінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдарды ҚҚС-тан босату. 39), 43-1) және 47) өнер. Көрсетілген салықтар бойынша преференциялар қолданылған он жыл өткеннен кейін АЕК-тің он бес миллион еселенген мөлшерінен кем емес инвестициялар көлемімен инвестициялық жобаны іске асыру кезеңінде жүзеге асырылған нақты шығыстардан жиырма пайыздан аспайтын мөлшерде салық міндеттемелерін азайту, келісімнің бүкіл қолданылу мерзіміне берілген салық преференцияларының тұрақтылығы.
Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу
Салық кодексінің 1-бабы 49-1) тармақшасымен толықтыру
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты қатты пайдалы қазбаларға пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салық базасын сақтау мақсатында «өтелген қорлар» ұғымы енгізілді. Бұл ұғым Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңында бұрын қолданыста болған ұғымға сәйкес келеді және нақтылау болып табылады.
Салық кодексінің 46-бабының 6-тармағына өзгерістер енгізу
Жер қойнауын пайдаланушылар үшін талап қою мерзімі қолданылатын салық түрлерін нақтылайтын редакциялық түзету. Түзетумен «рентабельділіктің ішкі нормасы (ВНР)» немесе «пайданың ішкі нормасы немесе R-фактор (кірістілік көрсеткіші)» көрсеткіштері есептеу әдістемесінде осы көрсеткіштердің бірі пайдаланылатын салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерге қатысты қолданылатыны нақтыланды. Үстеме пайда салығына және өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесіне қатысты осы көрсеткіштерді қолдану талап етілмейді.
Салық кодексінің 101-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына және 729-бабының 2-тармағына өзгерістер енгізу
Аукцион жеңімпазын анықтауға әсер еткен, Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген оны өткізу қағидаларының бұзылуына байланысты аукционды жарамсыз деп тану жағдайын қоспағанда, қол қойылатын бонустың төленген сомасы есепке жатқызуға және қайтаруға жатпайтыны туралы нақтылайтын түзетулер.
Салық кодексінің 258-бабы 2-тармағына өзгерістер енгізу
Осы тармақты қолдану туралы норма 2018 жылғы 1 қаңтардан кейін жүргізілген барлау учаскесінің бір бөлігін бөлуге ғана қолданылады, яғни 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін бөлінген барлау учаскелері бойынша осы норманың ережелері қолданылмайды.
Салық кодексінің 713, 720 және 766-баптарына өзгерістер енгізу
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияға сәйкес келтіру мақсатында «Қазақстан Республикасының континенттік қайраңы» деген сөздер «Каспий теңізінің қазақстандық секторы» деген сөздермен ауыстырылды;
Салық кодексінің 766-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына өзгерістер енгізу
Теңіз кен орындарына қатысты жер қойнауын пайдалануға баламалы салық Каспий теңізінің қазақстандық секторында толығымен орналасқан кен орнында көмірсутектерді өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарды қолдануға құқылы екендігі нақтыланды.
Салық кодексінің 727-бабына өзгерістер енгізу
Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар бойынша қол қою бонусының ставкалары қайта қаралды.
Салық кодексінің 734-бабына өзгерістер енгізу
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодексте коммерциялық табу ұғымын алып тастауға байланысты тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді төлеудің басталу күні туралы нақтылау енгізілді.
Салық Кодексінің 744-бабына өзгерістер енгізу
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Қатты пайдалы қазбалардың нормаланатын ысыраптарына нақты келтірілген ысыраптарды нормалар шегінде жатқызу мақсатында нақтылайтын түзету енгізілді. Сондай-ақ, өндіріс қалдықтары пайдалы қазбаларды өндіруге салық салу мақсатында нормаланған шығындар санатына жатпайтындығы анықталды.
Салық кодексінің 713, 714, 715, 716 және 746-баптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді
Көмір экспортына рента салығын алып тастау және 2,7% мөлшерінде көмірге пайдалы қазбаларды өндіру салығын енгізу.
Салық кодексін 723-1-баппен толықтыру
Осы бапта жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу кезінде салықтық есепке алудың ерекшеліктерін белгілеу мақсатында өтпелі ережелер көзделген.
Салық кодексінің 745-бабы 8-тармағымен толықтыру
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қатты пайдалы қазбалар бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салық базасын айқындау мақсатында шетел валютасында көрсетілген бағаларды ұлттық валюта – теңгеге қайта есептеу тәртібі белгіленген, қосымша шетел валютасында жасалған операциялар экспортталатын минералдық шикізатқа меншік құқығы ауысқан, оның ішінде шартқа (келісімшартқа) сәйкес бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен күнге айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып, теңгемен қайта есептелетіні белгіленген.
Салық кодексінің 747-бабы 1-1) тармақшасымен толықтыру
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Толықтыруда пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес көмірсутектермен қатар өндірілген және халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға қатер төндіретін жерасты суларын кәдеге жарату кезінде төленбейтіні белгіленген.
Салық кодексінің 748-бабы 2-тармағына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Осы норманы екі жақты түсіндіруді және әкімшілендіруді оңайлатуды болдырмау мақсатында жер асты суларына пайдалы қазбаларды өндіруге салық ставкасын қолдану жағдайларының 0,003 АЕК мөлшерінде тізбесі қорытылды. Жер асты суларын пайдалану бағыттары бойынша пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық ставкалары бұрынғы деңгейде сақталды, олар үшін пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың төмендетілген ставкалары белгіленген (табиғи монополиялар субъектілері, алкоголь, алкогольсіз, тамақ өнімдерін өндіру және т.б.). Шаруашылық-ауыз судың шығындары бойынша табиғи монополиялар субъектілері 0,005 АЕК мөлшерінде пайдалы қазбаларды өндіруге салық ставкасын белгіледі, минералды жерасты суы және шаруашылық ауыз су бойынша қалған шығындар үшін ставка 1 АЕК мөлшерінде сақталды.