ҮЕҰ ДЕРЕКҚОРЫ

ҮЕҰ ДЕРЕКҚОРЫ

«Жангелдин ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ ҚР "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Заңының 41-бабының 5-тармағына сәйкес жекеше мекеме, қоғамдық, корпоративтік және жекеше қорлар, заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестігі, қоғамдық бірлестік, коммерциялық емес акционерлік қоғам нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалдары мен өкiлдiктерiнің (оқшауланған бөлiмшелерi) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздері және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға- Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму Министрлігіне ұсынады.
Сіз ақпаратты «ҮЕҰ деректер қоры» ақпараттық ресурсы (infonpo.gov.kz), пошта немесе қолма-қол қағаз және электрондық тасығыштар арқылы жолдай аласыз.
Естеріңізге саламыз, мәліметтерді ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау жауапкершілікке әкеп соғатын әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады:
ӘҚБтК 489-1бабы:
1-тармағы-ескерту; 2-тармағы – қайта бұзушылық үшін – 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе қызметтік үш ай мерзіміне тоқтата тұруға әкеп соғады.
Анықтама телефондары: 8 (71439) 21127.