Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 19 қаңтарда Қостанай облысында COVID-19-дың 68 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,7 % құрады. Сырқаттанып қалған: Қостанай к. 38 адам, Рудный қ. -14, Қостанай ауданында -8, Лисаковск қ., Қарасу, Қарабалық аудандарында 2 адамнан, Әулиекөл және Сарыкөл аудандарында 1 адамнан. 59 адам ауруғанаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 8 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған мақсатында, 1 адам стационарға жатар алдында эпидқадағалау мақсатында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 55 адамда ауру белгілері болды, 13 адам – белгілерсіз. Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 19 қаңтар аралығында COVID-19-дың 8811 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 7784.