Жетінші шақырылған Жангелдин аудандық мәслихатының депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы хабарлама

Жетінші шақырылған Жангелдин аудандық мәслихатының депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы хабарлама

2021 жылғы 10 қаңтарда бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша Жангелдин аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.
Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 6415 азамат енгізіліп, оның 5138-і немесе 80,1 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.
Дауыс беруге 5132 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 0 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде 15 сайлаушы дауыс берді.
Сайлауға 4 саяси партия қатысты.
Дауыс беру кезінде саяси партиялар үшін мынадай дауыс саны берілді:
"Nur Otan" партиясы-3418 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 69,5 пайызы;
"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы-521 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 10,5 пайызы;
"Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы - 503 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 10,1 пайызы;
"ADAL" саяси партиясы - 508 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 10,2 пайызы.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды мынадай бөлу белгіленді:
"NurOtan" партиясына -7 мандат,
"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясына -1
"Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясына -1
"ADAL" саяси партиясына -1 мандат.


Жанкелдин аудандық сайлау комиссиясы