Жангелдин аудандық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 10 қаңтарда өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары сайлауының алдын ала қорытындылары туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
Алдын ала деректер бойынша Жангелдин ауданы бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны 80,09% - ды құрады.
Жангелдин аудандық мәслихатына депутаттар сайлауына 4 саяси партиялар - "Nur Otan" партиясы, "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы, "ADAL"саяси партиясы қатысты.
Алдын ала мәліметтер бойынша саяси партияларға берілген дауыстар:
"Nur Otan" Партиясы-69,5%
"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 10,53%
Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы - 10,16%
"ADAL" саяси партиясы-10,26%
2021 жылғы 11 қаңтар