«ҚР АШМ ВБ және ҚК Жангелдин ААИ» ММ экспорттаушы кәсіпорындарға ветеринариялық сертификат беру мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.
Бүгінге таңда ветеринариялық рұқсат беруге өтініштер тек «Азаматтарға арналған ұкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам арқылы жұзеге асырылады.
Бір мезгілде жұк жіберуге ветеринариялық рұқсат және сараптама актісін алуға өтініш беріп, уақыт үнемдеуге болады. Бұрын алдымен сынақ хаттамасын алып, сосын ветеринариялық рұқсатты алу керек болатын, ветеринариялық сертификаты жазғанша бұған бас аяғы 20 жұмыс күні кететін.
««Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрініңміндетін атқарушының 2019 жылғы 22 қаңтардағы № 21 бұйрығына салыстармалы кесте Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру» көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап немесе порталға жүгінген кезде: орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік алып өтуге 30 (отыз) жұмыс күні ішінде және тірі жануарлардың карантиннен өтуіне күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісуді қажет ететін рұқсаттарды қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импорттауға, экспорттауға – 4 (төрт) жұмыс күні;, мемлекеттік көрсетілетін қызмет: «Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру» сынақ хаттамасына 8 жұмыс күн уақытта кетеді. Нәтижесінде 20 күннің орнына, небәрі 8 жұмыс күн.
Оның сыртында Жангелдин аудандық аумақтық инспекциясында мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпараттық стенд орнатылған.
Үшінші елдеріне жүк тасымалдаушыларға алдын ала рұқсат алуын ескертеміз, Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне жіберуге рұқсат керек емес.
Егер орнын ауыстыратын ветеринарлық бақылауға жататын Қазақстаннан сыртқа шығатын обьектілерге ветеринариялық сертификат алу керек болса , елдің ішіндегі жүктерге ветеринариялық анықтама арқылы жөнелтіледі.
Ескертеміз, экспорт, импортқа жүк тасушы тұлғаларда ветеринариялық сертификат және ветеринариялық анықтама болмаған жағдайда ҚР АҚБ 406 бабының 1 тармақшасына сәйкес 20дан 200 АЕК дейін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Астық өндірушілердің есіне, астықпен айналысатын фирмалар, астық тасымалдаумен, қоймаларда, элеваторларда ауданның айналысатын тұлғалардан анықтама талап етіледі.
Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды жүзеге асыру Қағидаларының 3 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 29 мамырдағы № 7-1/496 бұйрығымен бекітілген «Тасымалдауға жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер бекітілген Ветеринариялық құжаттарды беру Қағидаларына және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарға сәйкес берілген ветеринариялық құжаттармен қоса жүреді
Сонымен, сою пунктерге,сою алаңдарына дейің малдарды тасымалданған жағдайда, қазақстандық болған жүкті, шығарылған жүкті белгілеуді, иесі ауыстырылғаның дәлелдеу үшін оларда ветеринариялық анықтама болу қажет.
Ветеринариялық анықтаманы ветеринарлық врач беріп БАЖБ АЖ-не енгізу қажет, ветеринариялық анықтама өңірдің эпизоотиалық қауіпсіздігін мақұлдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты тасымалдау кезінде – сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) көшірмесі;
4) иттер мен мысықтардың орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде – ветеринариялық паспорт көшірмесі;
5) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге немесе үшінші елдерге (Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекеттер) әкету мақсатында республиканың бір әкімшілік-аумақтық бірлігінен республиканың басқа әкімшілік-аумақтық бірлігіне орны ауыстырылған (тасымалданған) объектілердің орнын ауыстырған (тасымалдаған) кезде және/немесе республиканың бір әкімшілік-аумақтық бірлігі шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің иесі ауысқанда – ветеринариялық анықтама (ақпараттық жүйеде болмаған жағдайда);
6) ветеринариялық сертификат бланкісі үшін ақы төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
Осылайша, уақытында керекті құжаттарды (ветеринариялық анықтама, сынақ хаттамасы, ветеринариялық рұқсат) қамтамасыз етілгенде өтініш берген күні немесе екінші, үшінші күні ветеринариялық сертификат алуға болады, негізгі белгіленген мерзім үш күннің ішінде.
Алдын ала өнімнен сынама алынады, оны физико-химиялық, химия-токсикологиялық, радиологиялық зертеулер, (жемшөпке) микотоксиндерге және (азық өнімге) микробиологиялық зеттеулер өткізеді, осы зерттеулер нәтижесінен ветеринариялық зертхана сынақ хаттамасын береді.
Жоғарыда барлық тізілген жағдай - бұл импорттаушы елдердің талабы, бұған Қазақстан жауапты, өйткені отандық өнімді экспорттайды. Орындамаған жағдайда біздің елге импортталатын елдердің нарығы жабылып қалуы мүмкін . Жұк жөнелтуші біріншіден сапалы тауар экспортау керек .
Нақты ақпаратты «ҚР АШМ ВБ ж ҚК Жангелдин ААИ» ММ, Жангелдин а. Құлжановтар көшесі №66, тел .2-18-78, 2-18-24
ҚР АШМ ВБ ж ҚК Жангелдин ААИ