«Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні»

«Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні»

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету туралы тапсырмасына сәйкес 2020 жылғы 21 желтоқсанда сағ:15-00 де Жангелдин ауданының әкімі Ш.Оспановпен
«Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» өтеді.
Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау регламентіне сәйкес қабылдауға жазуды «egov.kz» Электрондық үкімет порталынан электрондық түрде келіп түсетін белгіленген нысандағы өтініштердің, сондай-ақ пошта арқылы және қолма-қол берілетін жазбаша өтініштердің негізінде қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер жүзеге асырады.
Өтініштерді қабылдау 2020 жылғы 3-15 желтоқсан аралығында жүзеге асырылады.
Қабылдауға жазылу бойынша консультацияны 87143921404 телефоны бойынша алуға болады.