Үшқұрамдастрылған интеграцияланған жүйе

Үшқұрамдастрылған интеграцияланған жүйе

Деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасынан, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден (құрылғыдан), сондай-ақ сау даны басқаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды және тауарлардың есепке алынуын автоматтандыру жүйесімен жарақтандырылған жабдықтан (құрылғыдан) немесе интеграцияланған жүйенің барлықүшқұрамдасын алмастыратын бағдарламалық-аппараттық кешеннен тұратын интеграцияланған жүйе.

ҮИЖ және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану тәртібін уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау саласындағы орталық мемлекеттік органмен, байланыс саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілейді.

Казіргі уақытта, үшқұрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптар (бұданәрі - Талаптар), Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржыминистрінің 2019 жылғы 2 қырқүйектегі № 953 бұйрығымен (бұданәрі -Бұйрық) бекітілген (көшірмесі қоса беріледі).

Кәсіпкерлік қызметтің барлық объектілері бойынша бірыңғай есепке алуды жүргізу мақсатында сауда, қызметкөрсету, жұмыстарды атқару мен тауарларды есепке алудың автоматтандырылған басқару жүйесінің ҮИЖ басқа құрамдастарының кез келген санымен (бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізілген деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардың, қолма-қолақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйелердің (құрылғылардың)) интеграциялау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының территориясында рұқсат етілген ҮИЖ Бірыңғай тізілімге енгізілген ҮИЖ модельдері, Комитеттің сайтында тіркелген.

Осы мақсатта, ҮИЖ меншік иесі өтініш, талаптармен белгіленген құжаттар мен ҮИЖ тестілеу үшін тапсыру қажет.

Бұдан басқа, ҮИЖ пайдаланушысы (патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимдерін (АСР) қолданатын жекекәсіпкер) салықтөлеушінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарында ҮИЖ тіркеге және салықтық есептілікте олар бойынша мәліметтерді көрсету тиіс.

Салық кодексінің жоғарыда баяндалған талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, оңайлатылған декларация негізін де арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер ҚҚСбойынша тіркеуге тұру үшін ұлғайтылған шектерді және оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін шекті табысты қолдануға құқығы жоқ.


Қостанай облысы бойынша МКД