Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2020 жылғы 23 қарашада Қостанай облысында COVID-19-дың 70 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 1,5% құрады.
Сырқаттанып қалған: Қостанай қ. 38 адам, Рудный қ. – 15, Арқалық қ. – 4, Жітіқара ауданында – 4, Қостанай ауданында – 4, Лисаковск қ. – 2, Меңдіқара ауданында – 2, Қарасу ауданында – 1.
48 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 17 адам эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша (коронавирустық инфекция расталған жағдаймен байланыста болу) анықталды, 3 адам профилактикалық мақсатта (әкелінген жағдайлар), 2 адам эпидемиологиялық қадағалау мақсатында (аурухаға жоспарлы жатқызудың алдында) тексеріп анықталды.
Індет жұқтырғандардың ішінде 45 адамда ауру белгілері болды, 25 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуір мен 23 қараша аралығында COVID-19-дың 4847 жағдайы тіркелді, 3732 адам емделіп шықты.