«Цифрлы агент» қосымшасын пайдаланыңыз

«Цифрлы агент» қосымшасын пайдаланыңыз

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Цифрлы агент» (Digital agent) мобильді қосымшасы іске қосылды.
Аталған мобильдік қосымшаның артықшылығы қызмет алушылар шынайы уақытпен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына баға беруге мүмкіндіктері бар.
Қазіргі таңда қызмет алушылар Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен көрсетілген қызметтердің сапасына қатысты шағымдарын білдіре алады.
Қосымшаны Play Market және App Store сервистері арқылы жүктеуге болады. Сауал жіберілгеннен кейін Агенттіктің тиісті аумақтағы құрылымдық бөлімшесі құзыреті шеңберінде әрекет етеді.