Е-Salyq мобильді қосымшасының қызметі «Салық әмияны»

Е-Salyq мобильді қосымшасының қызметі «Салық әмияны»

МКК порталының мобильді қосымшасындағы e-salyq қызметін App Store және Play Market-тен жүктеуге болады. «Салық әмияны» қызметіне қол жеткізу үшін e-Salyq қосымшасына ЭСҚ немесе СМС кодын пайдаланып тіркелу керек, бұл мобильді азаматтар базасында тіркелуді талап етеді.
Сондай-ақ, мобильді қосымшада сіз ЖСН / пароль, жылдам қол жеткізу коды және биометрия (FaceID, TouchID) арқылы реттей аласыз.
Жеке тұлғалар баламалы түрде салық әмиянын «Қазақстан Халық Банкі» АҚ картасымен толтыру және төлемді Kaspi.kz қосымшасына аудару арқылы салық төлеуге мүмкіндігі бар.
Қызмет салық төлеушіге оның бюджет алдындағы ағымдағы және алдағы міндеттемелері туралы ақпарат береді. Салық әмиянынан ақша автоматты түрде салық міндеттемелері туындаған тиісті салықтарға есептеледі, бұл өз кезегінде көптеген мәліметтерді толтыру қиындықтарымен байланысты салықтардың дұрыс төленбеуі мәселелерін жояды (БЖК, ТМК және т.б.).
Сонымен қатар, салық салу объектілері туралы мәліметтерді мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдары салығы, сондай-ақ көлік құралдары мен жылжымайтын мүлік объектілеріне салық салу объектілерін функционалды түзету туралы мәліметтерді қарау қызметі жүзеге асырылды, бұл салық төлеушілер растайтын құжаттарды қоса бере отырып, объектілер туралы ақпаратты жаңарту үшін оларды уәкілетті мемлекеттік органдарға онлайн-өтінімдерді жіберуге мүмкіндік береді.

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті