Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2020 жылғы 22 қарашада Қостанай облысында COVID-19-дың 77 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 1,6% құрады.
Сырқаттанып қалған: Қостанай қ. 33 адам, Рудный қ. – 13, Денисов ауданында – 6, Қостанай ауданында – 5, Ұзынкөл ауданында –5, Б. Майлина атындағы ауданда – 5, Алтынсарин ауданында – 4, Федоров ауданында – 2, Әулиекөл ауданында – 1, Арқалық қ. – 1, Әулиекөл ауданында – 1, Жітіқара ауданында – 1, Меңдіқара ауданында – 1.
60 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 12 адам эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша (коронавирустық инфекция расталған жағдаймен байланыста болу) анықталды, 3 адам профилактикалық мақсатта (әкелінген жағдайлар), 2 адам эпидемиологиялық қадағалау мақсатында (аурухаға жоспарлы жатқызудың алдында) тексеріп анықталды.
Індет жұқтырғандардың ішінде 55 адамда ауру белгілері болды, 22 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуір мен 22 қараша аралығында COVID-19-дың 4777 жағдайы тіркелді, 3616 адам емделіп шықты.