Азаматтық қорғаныс бойынша оқу-жаттығудың басталуы туралы

Азаматтық қорғаныс бойынша оқу-жаттығудың басталуы туралы

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Азаматтық қорғаныс бойынша оқу-жаттығудың басталуы туралы

 

2026 жылғы 25-26 маусым күндері Жангелдин ауданы, Торғай ауылы аумағында азаматтық қорғаныс бойынша оқу-жаттығу өткізіледі.

Іс-шараның мақсаты – төтенше жағдайлар туындаған кездегі азаматтық қорғау күштері мен құралдарының дайындық деңгейін тексеру, авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу тәртібін пысықтау, сондай-ақ өзара іс-қимылды жетілдіру.

Аудан тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтауға, ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға және оқу-жаттығуға қатысушы қызметтердің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауға шақырамыз.