Жангелдин ауданының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында, аудан бойынша 5 мониторингтік топ карантиндік режимді сақтау тұрғысынан объектілерге мониторинг жүргізеді.
Мониторингтік топтардың құрамына әкімдіктің, жергілікті полицияның қызметкерлері және қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары кіреді.
Ағымдағы жылғы 17 қарашада Жангелдин ауданы бойынша рейд жүргізу кезінде Қостанай облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулы нормаларының 4 заң бұзушылықтар анықталды.
Әкімдік, жергілікті полиция және қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандары тарапынан карантиндік талаптарды қатаң сақтаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жалғасуда.
Жангелдин ауданының әкімдігі аудан тұрғындары мен кәсіпкерлік субъектілерін санитарлық-карантиндік шараларды қатаң сақтауға шақырады.