Энтеровирустар пикорновирустар тобына жатады. Оларға полимиелит вирусының 3 типі, А Коксаки вирусының 23 типі, В Коксаки вирусының 6 типі, ЕСНО-вирусының 31 типі және 68-71 энтеровирусының 4 типі жатады. Ішек вирусы тобының құрамына кіреді. Энтеровирустар адамда энтеровирустық инфекциялар деген терминмен біріктірілген бірқатар аурулар тудырады, соның ішінде сероздық менингит - өзіне тән емес қызбалық, өкпенің ісінуі, экзантемалар, перикардит, миокардит, сал және тағы басқалар. Энтеровирустар мен Коксаки вирусы — лас қол, ауа және су арқылы тез тарайтын жазғы инфекциялар. Энтеровирустық инфекциялардың, соның ішінде серозды менингиттің алдын алу шаралары кез келген ішек инфекцияларының шараларына ұқсас болып келеді. Ауырмау үшін келесі қағидаларды білу қажет тек бөтелкедегі немесе қайнатылған су ішу; әрбір тамақ ішер кезде және дәретханадан кейін қолды сабынмен жуып, жеке және қоғамдық гигиенаның қағидаларын қатаң сақтау; түшкіргенде және жөтелгенде бір рет қолданатын майлықтарды пайдалану; жемістер мен көкөністерді қолданар алдында алдымен щеткамен, сосын қайнап тұрған сумен мұқият жуу; белгісіз су қоймаларында шомылудан бас тартып тек қана арнайы келісілген орындарда ғана шомылу қажет және шомылғанда суды жұтпауға тырысу; ауру деңгейі көтерілген кезеңде хауыздарға, аквопарктерге және ашық су қоймаларына барудан бас тарту; жеке адамдардан және сауда орындарына жатпайтын жерлерден тамақ өнімдерін сатып алмау; бөлмелерді жиі желдетіп, ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу; ауырған балаларды бала-бақшаға және мектепке жебермеу керек.