Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/37 бұйрығы.
|
|
Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беруге арналған өтінішті жолдайды.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, өндіріс объектісіне бұрын берілген есепке алу нөмірі туралы, өндіріс объектісіне ветеринариялық-санитариялық қорытындының бар-жоғы туралы, меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде (бір жылдан астам мерзімге жалға беру/өтеусіз пайдалану) өндірістік үй-жайлардың бар-жоғы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін пайдаланылатын тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден не цифрлық құжаттар сервисінен алады.
Портал мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы жеке кабинеттегі тиісті мәртебе порталда өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.
Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларына және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарға сәйкес өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен асырмай берілген өндіріс объектісінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкестігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды болуы қажет.
Мемлекеттік қызметті көрсету және нәтижесін беру мерзімі өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері өтініш тіркелген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) өтініште қамтылған мәліметтердің толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) өтініште қамтылған мәліметтерді толық ұсынбаған, қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын және (немесе) мәліметтерді ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері өтінім тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін береді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндіріс объектісіне есепке алу нөмірінің берілгені туралы растауды не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды ресімдейді. Өндіріс объектісіне есепке алу нөмірінің берілгені туралы растау немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі. Өндіріс объектісіндегі қызмет тоқтатылған (уақытша тоқтатылған) кезде көрсетілетін қызметті алушы өндіріс объектісін есептен шығаруға бастамашылық жасайды және өндіріс объектісіндегі қызмет тоқтатылған (уақытша тоқтатылған) сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндіріс объектісіндегі қызметті тоқтату (уақытша тоқтату) туралы өтініш береді.
Өндіріс объектісіндегі қызметті тоқтату (уақытша тоқтату) туралы өтінішті көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде қарайды және "e-Agriculture" агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі" ақпараттық жүйесінде (бұданәрі – ақпараттық жүйе) өндіріс объектісінің мәртебесін өзгертуді жүзеге асырады.
Мал сою алаңдарына есепке алу нөмірлері 1 (бір) жыл мерзімге беріледі және сол өңірде ет өңдеу кәсіпорындары немесе мал сою пункттері салынғанға дейін жыл сайын расталуға тиіс. Жалға беру, өтеусіз пайдалану шартының негізінде өндірістік үй-жайларда қызметін жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне есепке алу нөмірлері жалғаберу, өтеусіз пайдалану шартының қолданылу мерзіміне беріледі. Бар есепке алу нөмірін растау үшін жалға беру, өтеусіз пайдалану шартының негізінде өндірістік үй-жайларда қызметін жүзеге асыратын сою алаңдары, өндіріс объектілері берілген есепке алу нөмірлерін сақтай отырып, осы Қағидаларға сәйкес есепке алу нөмірлерін алуда қайта рәсімдеуден өтеді.
Елдің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарына сәйкес келген кезде экспортты/импорты жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндіріс объектілерін есепке алу нөмірлерінің электрондық тізілімінде "Экспорт/Импорт" беріледі және есепке алу нөміріне осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес "Е" (экспорттаушылар үшін), "I" (импорттаушылар үшін) символы қосымша енгізіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша "Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметімен бірге "бірөтініш" қағидаты бойынша (бұдан әрі – "Бір өтініш" қағидаты бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетіледі.
"Бір өтініш" қағидаты бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық-санитариялық қорытындыны және "бір өтініш" қағидаты бойынша есепке алу нөмірін алуға арналған өтінішті береді.
"Бірөтініш" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – өтініш тіркелген сәттен бастап 6 (алты) жұмыс күн, оның ішінде:
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру – 4 (төрт) жұмыс күні;
Өндіріс объектілеріне есепке алу нөмірін беру – 2 (екі) жұмыскүні
ҚР АШМ ВБ және ҚК Жангелдин
аудандық аумақтық инспекциясы