Баспасөз релизі

Баспасөз релизі

        2026 жылдың 20 мамыр күні Жангелдин аудандық мәдениет үйінде кәсіпкерлік және салық саласы бағытында «Қызмет алушы күні»  іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның  мақсаты – жұртшылыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ақпараттандыру, оның ішінде электронды түрде көрсетілетін қызметтерді кеңінен насихаттау мен мемлекеттік орган өкілдері тарапынан салалық кеңес беру. Іс-шараға аудан әкімі аппаратының,  жер қатынастары,  құрылыс, ауыл шаруашылығы, Жангелдин ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер бөлімі, сондай-ақ Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» өкілдері қатысты. Қабылдаған азаматтар саны -15. Барлық мәселелерге байланысты әр сала қызметкерлері жеке түсінік беріп, сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді алу бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді.