Көктемгі - далалық жұмыстарды жақындауына байланысты, карантиндік объектілердің таратпау мақсатында ауыл әкімдері мен барлық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне карантиндік арам шөп ретінде қызғылт (жатаған) укекірені таратпау мәселесіне баса назар аудару керек.
Өте қауіпті карантиндік қызғылт (жатаған) укекіре өрмекші өремегі сияқты жайылған өсімдік түрі өзегі тіке мықты болып келеді. Жатаған улы қызғылт кекіре көпжылдық атпа тамырлы арамшөп. Жатаған улы қызғылт кекіре күшті тамыр жүйесі мен ерекшеленіп,негізгі тік тамырдан және одан жан-жаққа көлденең таралатын тамыршадан тұрады. Негізгі тамыр 8-10 м-ден терең жерге дейін орналасады. Қызғылт (жатаған) укекіре көпжылдық атпа тамырлы арамшөп болғандықтан, тұқымымен және тамыр бұтақтарымен көбейеді. Қызғылт (жатаған) укекіренің тұқым өнгіштігі 3-4 жылда. Қызғылт (жатаған) укекіре танаптарда, жол бойы аумақтарында және т.б. жерлерде ошағы (куртину) анықталған кезде, ошақ периметрі бойынша түрлі-түсті мата байланған шағын қада қағып белгілеу қажет және ошақтын 3-4 метр ара қашықта соқамен немесе культиваторам аударып жырту арқылы жұмыс жүргізеді. Жангелдин ауданы бойынша 2026 жылғы болжамға сәйкес улы қызғылт кекіремен зақымдалу алаңы мемлекеттік жер қорындағы жерлерде – 149,2 гектар болса, өңдеуге жататыны – 149,2 гектар.
Жоғарыда көрсетілген талаптарды орындамау Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині жөніндегі» Заңының 16-бабын бұзу болып табылады (16-бап Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.). «Өсімдіктер карантині жөніндегі» Заңының 16-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 400 бабының 3 тармағы (атап айтқанда карантиндік объектілердің таралуын есепке алуды уақтылы немесе тиісінше жүргізбеу не өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау объектілерінде өсімдіктер карантині бойынша шараларды уақтылы немесе тиісінше ұйымдастырмау – лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады) немесе 462-бабының 1-тармағы (жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады) бойынша жауаптылыққа тартылады.
ҚР АШМ АӨК МИК Жангелдин аудандық
аумақтық инспекциясының өсімдіктер қорғау және
карантині жөніндегі
мемлекеттік инспекторы
Т.Абдибекова