«Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Жангелдин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ атап айтқанда:
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» ҚР ДСМ 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 336/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2023 жылғы 23 ақпандағы №30 бұйрығы санитариялық қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтің 3 түрін көрсетеді.
- Жоғары эпидемиологиялық маңызы бар объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкестігі емес) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру. Портал арқылы құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 13 (он) жұмыс күні.
- Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың шекті жол берілетін шығарындылары мен шекті жол берілетін төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғау аймақтары, шикізат пен өнімнің жаңа түрлеріне нормативтік құжаттама жобаларының сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 10 (он ) жұмыс күні.
- Санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектісіне есептік нөмір беру. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 5 (бес ) жұмыс күні. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 08.00-ден 17.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметтердің барлық түрлері тегін көрсетіледі.
2025 жылдың 2 айында Жангелдин аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 1 өтініш түскен. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты Басқарманың ақпараттық стендісінде, egov.kz интернет-ресурсында білуге болады.