Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/37 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.01.2026 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, өндіріс объектісіне бұрын берілген есепке алу нөмірі туралы, өндіріс объектісіне ветеринариялық-санитариялық қорытындының бар-жоғы туралы, меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде (бір жылдан астам мерзімге жалға беру/өтеусіз пайдалану) өндірістік үй-жайлардың бар-жоғы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін пайдаланылатын тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден не цифрлық құжаттар сервисінен алады.
Портал мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы жеке кабинеттегі тиісті мәртебе порталда өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) өтініште қамтылған мәліметтерді толық ұсынбаған, қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын және (немесе) мәліметтерді ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері өтінім тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін береді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндіріс объектісіне есепке алу нөмірінің берілгені туралы растауды не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды ресімдейді.
Өндіріс объектісіне есепке алу нөмірінің берілгені туралы растау немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген өзгерістер өндіріс объектісінің жүзеге асырылатын қызмет түрінің өзгеруіне әкеп соқпаса, онда көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өндіріс объектісіне есепке алу нөмірінің берілгені туралы растауды қайта ресімдейді.
Қызмет түрі өзгерген жағдайда, өндіріс объектісі осы Қағидаларға сәйкес есепке алу нөмірін беру рәсімінен қайта өтеді.
Жылжымалы (мобильді) объектілері бар өндіріс объектілері оларды қолданыстағы есепке алу нөміріне байланыстырады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.01.2025 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
11-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.01.2026 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өндіріс объектісіндегі қызметті тоқтату (уақытша тоқтату) туралы өтінішті көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде қарайды және "e-Agriculture" агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) өндіріс объектісінің мәртебесін өзгертуді жүзеге асырады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
12-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.01.2026 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мал сою алаңдарына есепке алу нөмірлері 1 (бір) жыл мерзімге беріледі және сол өңірде ет өңдеу кәсіпорындары немесе мал сою пункттері салынғанға дейін жыл сайын расталуға тиіс. Жалға беру, өтеусіз пайдалану шартының негізінде өндірістік үй-жайларда қызметін жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне есепке алу нөмірлері жалға беру, өтеусіз пайдалану шартының қолданылу мерзіміне беріледі. Бар есепке алу нөмірін растау үшін жалға беру, өтеусіз пайдалану шартының негізінде өндірістік үй-жайларда қызметін жүзеге асыратын сою алаңдары, өндіріс объектілері берілген есепке алу нөмірлерін сақтай отырып, осы Қағидаларға сәйкес есепке алу нөмірлерін алуда қайта рәсімдеуден өтеді.
Өндіріс объектілеріне есепке алу нөмірлерін беруге арналған литерлік кодта осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әріптік және сандық символдары болады.
"Бір өтініш" қағидаты бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық-санитариялық қорытындыны және "бір өтініш" қағидаты бойынша есепке алу нөмірін алуға арналған өтінішті береді.
"Бір өтініш" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – өтініш тіркелген сәттен бастап 6 (алты) жұмыс күн, оның ішінде:
мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру – 4 (төрт) жұмыс күні;
өндіріс объектілеріне есепке алу нөмірін беру – 2 (екі) жұмыс күні.
"Бір өтініш" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды және жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру немесе осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту беру.
ҚР АШМ ВБ және ҚК Жангелдин
аудандық аумақтық инспекциясы