Баспасөз релизі

Баспасөз релизі

        2026 жылдың 23 қаңтар күні Жангелдин аудандық мәдениет үйінде «Көрсетілетін қызметті алушының біріңғай күні» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараның  мақсаты – жұртшылыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ақпараттандыру, оның ішінде электронды түрде көрсетілетін қызметтерді кеңінен насихаттау мен мемлекеттік орган өкілдері тарапынан салалық кеңес беру. Іс-шараға аудан әкімі аппаратының,  жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, құрылыс, экономика, ауыл шаруашылығы, спорт бөлімдерінің жауапты қызметкерлері және ХҚКО өкілдері қатысты. Қабылдаған азаматтар саны -21. Халық арасында жер учаскесін қалай алу, мүмкіндігі шектеулі жандардың санаторлы-курорттық емдеуге бару бойынша, тұрғын үйге кезекке тұру, көтерме жәрдемақы алу, эцқ үйде отырып алу сияқты сұрақтар қойылды. Барлық сұрақтарға әр сала қызметкерлері жеке түсінік беріп, сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді алу бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді.