Құрметті сайлаушылар!

Құрметті сайлаушылар!

Сайлауға қатысуға конституциялық құқықты жүзеге асырудың кепілі - бұл Сіздің сайлаушылар тізімінде болуы.
Президент, Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауы кезінде жергілікті атқарушы органдарымен сайлаушылар тізімі қалыптастырылады.
Сіздің белгілі бір сайлау учаскесінің аумағында тұрғылықты жерініз бойынша тіркелуіңіз сайлаушылар тізіміне қосуға негіз болады.
Әрбір сайлаушы сайлау жарияланған және тағайындалған сәттен бастап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге, сондай-ақ оның қай сайлау учаскесіне енгізілгенін нақтылауға құқылы.
Егер Сізге тұрақты тіркелген жеріңізден тыс елді мекенде болу қажет болса, Сіз уақытша тұрған жеріңіздегі әкімдікке (сайлауға 30 күн қалғанда, 2020 жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірмей) дауыс беру күні дауыс беретін сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне енгізу туралы өтінішпен жүгінуге құқығыңыз бар.
Сайлаушылар тізіміне енгізу мен алып тастауға, сондай-ақ мәліметтеріңізді нақтылауға байланысты барлық сұрақтар бойынша ақпараттыCall орталықтың 871439-21404, 871439-21446 телефондары арқылы ала аласыз.