Құс тұмауы аса қауіпті аурудың  қалай алдын алуға болады?

Құс тұмауы аса қауіпті аурудың   қалай алдын алуға болады?

Құс тұмауы аса қауіпті аурудың

 қалай алдын алуға болады?

                                                   

            Құс тұмауы - ас қорыту және тыныс алу органдарын зақымдайтын құстардың жұқпалы вирустық ауру. Ауру жем немесе су арқылы, сондай - ақ жұқтырған құстармен тікелей байланыс кезінде тасымалданады. Бұл құстардың жаппай ауруына, өліміне және айтарлықтай экономикалық шығындарға әкеледі. Ауру құсты келесі белгілермен анықтауға болады: түшкіру, қырылдаған тыныс алу, құс айдарының көгеруі, көз жасының ағуы, үрпиген қауырсындар, мойын, қанат, аяқтардың сал ауруы, бастың, мойынның ісінуі, дірілдеу, диарея, жұмыртқа берудің төмендеуі немесе толық тоқтатылуы. Өкінішке орай, құстардың барлық түрлері тұмауға сезімтал, бірақ тауықтарда ауру көбінесе жылдам және симптомсыз өтіп, 100% өлімге әкеледі. Зертханалық диагностика. Сынама алуды арнайы дайындығы бар ветеринариялық қызметкер жүргізуі тиіс. Сынамалар герметикалық контейнерлерде қолма-қол жеткізіледі. Зерттеу үшін ми, көкбауыр, өкпе, трахея, ішек, сондай-ақ клоакальды немесе трахеялық жуу және нәжіс жіберіледі.

Диагноз серологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша анықталады: ИФА және РТГА; вирус антигенін анықтау; молекулалық-биологиялық зерттеулер: ПТР және гемагглютининді кодтайтын геннің нуклеотидтік реттілігі; вирусологиялық зерттеулер:

Тұмау диагнозын растау кезіндегі бақылау шаралары: Карантин енгізу, Ошақта құстардың басын қансыз тәсілмен жою, Ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар, Алдын алу шаралары: Үй құстары мен жабайы құстардың байланысын шектеу. "Жабық типтегі кәсіпорын" режимін сақтау. Вакцинация. Иммунитет және нақты алдын-алу. Ауырған немесе вакцинацияланған құстар иммунитетке ие болады, оның ұзақтығы мен қарқындылығы құстың жасына, вирустың биологиялық қасиеттеріне және вакцинаның иммуногендік қасиеттеріне байланысты. Құс тұмауымен күресу жөніндегі нұсқаулықпен регламенттелген ерекше жағдайларда қауіпті аймақтарда инактивтендірілген вакциналар қолданылады. Ең жоғары протективті потенциалға эпизоотиялық гомологты вирус штамдары негізінде жасалған препараттар ие.  Құстардың иммунитетін арттыру арқылы құстарды аурудан сақтап қалуға болады. AL KARAL жем қоспасын беру негізгі компоненттері - фульво және гумин қышқылдары болып табылады. Бұл қышқылдар вирусты қабыққа орап, вирустың көбеюіне және сау жасушаларға енуіне жол бермейді. Сонымен қатар, осы қышқылдар денені пайдалы компоненттермен қанықтырып, құстардың денсаулығын нығайтуға болады.