Санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызмет түрлері

Санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы  саласындағы мемлекеттік қызмет түрлері

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтер «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес көрсетіледі.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 6. Осы бұйрыққа соңғы өзгеріс 2023 жылғы 16 тамызда енгізілді.

2025 жылдың 10 айында Жангелдин СЭББ өтініштер негізінде барлығы 8 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар рұқсат құжаттары - 6. 2-дәлелді бас тартулар берілді.

Түрлері бойынша:

  • «Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» – 1 өтініш;
  • Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» – 5 өтініш.

Барлық мемлекеттік қызметтер «е-License» мемлекеттік деректер базасы арқылы электрондық түрде көрсетілген.

Басқарманың ресми интернет-ресурсында мемлекеттік қызметтерді алушылар үшін ақпарат, оның ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің толық тізбесі, қызмет көрсету тәртібі, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер, көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне шағымдану тәртібі орналастырылған, сондай-ақ «е-License» электрондық лицензиялау сайтына ауысу арқылы онлайн режимде өтінім беру мүмкіндігі бар.

 

#Жангелдин аудандық СЭББ

#мемлекеттік қызмет көрсету