Еңбек гигиенасы

Еңбек гигиенасы

Еңбек гигиенасы гигиена бөлімінің бір бөлігі. Ол еңбек процестерінің және өндірістік ортаның адам организміне әсерін зерттейді және гигиеналық, емдік- профилактикалық шараларды дайындайды. Бұл шаралар жұмыс істейтін адамның денсаулығын жақсартуға, жұмыс қабілетін мен еңбектің өнімділігін арттыруға бағытталады. Еңбек гигиенасының міндеттері:

1.​Еңбек етуге жақсы жағдай жасау.

2.​Жалпы және кәсіптік ауруларды азайту.

3.​Еңбек өнімділігін арттыру.

Ғылыми техникалық прогресстің артықшылықтары : Еңбек процесінің механикаландырылуы мен автоматтандырылуы жұмысты жеңілдетеді. Қол жұмысын азайтады, еңбектің сипаты өзгереді. Негізгі мамандар болып диспетчер, операторлар саналады. Еңбек өнімділігі артады.

Кемшілігі: Еңбектің жеңілденуі, адамның физикалық еңбектен босатылуы дене қимылын азайтады (гипокинезияға ұшыратады). Еңбек көбінесе бір сарында болып, тез шаршатуға әкеледі. Гипокинезия бұлшық еттердің жиырылуын төмендетеді, олардың физикалық- химиялық қасиеттерін өзгертеді, сүйек ұлпаларынан кальцийдің шығуы байқалады. Гипокинезия жүрек қан тамырларының жағдайына әсер етіп, тамырларының тонусын әлсіретеді. Миокард инфаркты ауруы қимылы аз адамдарда, белсенді физикалық еңбекпен шұғылданатын адамдарға қарағанда үш есе көп кездеседі.

Механикаландыру және автоматтандыру көбінесе адамның нерв жүйесіне, психикасына әсер етеді. Өндіріске көптеген жаңа энергия түрлерін енгізу жаңа кәсіптік аурулардың пайда болуына әкеп соқтырады (лазерлік және радиоактивтік сәуле алу) Химияның дамуына байланысты жұмысшылар көптеген жаңа улы заттармен жұмыс істейді.