Адамдар мен тауарлардытасымалдау жағдайларынақойылатын санитариялық-эпидемиологиялықталаптар.

Адамдар мен тауарлардытасымалдау жағдайларынақойылатын санитариялық-эпидемиологиялықталаптар.

 Қазақстан Республикасының «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 «Көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы 2021 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-98 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 2 шiлдедегi № 50 бұйрығымен реттеледі.  Жолаушылар көліктері үшін:  Салон таза, желдетіліп және дезинфекцияланып тұруы тиіс;  Қоқыс арнайы жәшіктерге жиналып, дер кезінде шығарылады;  Салондағы температура мен ылғалдылық санитариялық нормаға сәйкес болуы керек;  Жолаушыларға қызмет көрсететін орындарда (қол тіреуіш, есік тұтқалары т.б.) күнделікті өңдеу жүргізіледі. Жүк көліктері үшін: Азық-түлік өнімдерін тасымалдауға арналған көліктер бөлек болуы шарт; Тоңазытқышпен жеткізілетін өнімдерде температуралық режим қатаң сақталуы тиіс; Жануарларды тасымалдауға арналған көліктер бөлек санитариялық өңдеуден өтеді; Жүк салатын бөліктің қабырғалары тегіс, жуылғыш және дезинфекциялауға ыңғайлы болуы қажет. Сонымен қатар, шаруашылық-ауыз суды тасымалдау келсек, осы мақсатқа арналған арнайы жабдықталған изотермиялық цистерналарда жүзеге асырылады. Су тасымалдауға арналған цистерналардың, сыйымдылықтардың конструкциясында мыналар: жылу оқшаулағыш қабат, люк арқылы су алуды болдырмауға арналған ілмек құрылғыларымен жарақтандырылған құймамалы люктің тығыз жабылатын қақпақтары және су ағызуға арналған құрылғысы (шүмектер) көзделеді. Су ағызуға арналған құрылғы сыйымдылықтың судан толық босатылуын қамтамасыз етеді. Сыйымдылықтардың iшкi бетiнде тоттануға қарсы қабатының бұзылғаны байқалса, сыйымдылықтар қосымша тоттануға қарсы жабынмен қапталуға жатады. Цистерналар мен бактардың бүйір жақтарында «Ауыз су» деген жазуы болады. Ауыз суды жеткізуге арналған цистерналар мен бактарды басқа мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді. Суды тасымалдауға арналған цистерналар мен бактарды дизенфекциялау тоқсан сайын және эпидемиологиялық көрсеткімдері бойынша жүргізіледі. Дезинфекциялау іс-шаралары өзіне механикалық тазартуды, жууды, дезинфекциялауды, түпкілікті шаюды қамтиды, дезинфекциялау аяқталғаннан кейін суды зертханалық зерттеу жүргізіледі.Тасымалдау және сақтау кезінде нормалау құжаттарына сәйкес келетін судың сапасы қамтамасыз етіледі.Барлық көлік түрлері тұрақты түрде  дезинфекциядан өтеді.  Бұл талаптар жолаушылардың денсаулығын қорғау менөнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған.

 



#санэпид#қауіпсізжол#қрдсм#тазакөлік