Бөртпе сүзегінің (Брилл) ауруының алдын алу.

Бөртпе сүзегінің (Брилл) ауруының алдын алу.

Бөртпе сүзегі - іш сүзегіне ұқсас ауру, бірақ одан айырмашылығы бар. Оның инфекциясы биттің, кененің, егеуқұйрықтың немесе бүргенің тістеп-шағуынан тарайтын жұқпалы ауру, қызбамен, сүзек белгілерімен (қатты бас ауруы, есінен адасу), өзіне тән бөртпелер және орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен сипатталады. Жұқпа көзі - бөртпе сүзегімен не Брилл ауруымен ауыратын адам, осы адамнан бас және киім биті риккетсиясы бар қанды сору арқылы сау адамға беріледі. Ол адам бит шаққан жерді қасу арқылы дайрақтарды (нәжістер) теріге сіңіру кезінде ауруды жұқтырады. Адамдардың бөрпе сүзегін қабылдауы өте жоғары болып келеді. Ауру жедел, 40-41ºС температурамен, бас ауруымен, ұйқысыздықпен басталады, беті ісіп қызарады, көзі қанталайды. Адам денесі мен аяқ қолдарында аурудың 4-5-күні бөртпелер, қызғылт түсті дақтар пайда болады.  Бөртпе сүзегінің өзіне тән белгілері- бөртпелер бірден 2-3 күн ішінде пайда болады да, біртіндеп 78 күнге дейін уақытша дақтар қалдыра отырып жойылады. Бөртпе сүзегімен ауырған  адамдар міндетті түрде ауруханаға жатқызылады. Ошақта қарым-қатынаста болғандарға санитарлық тазалау жүргізіледі. Аурудың киім және төсек жабдықтары камерада өңделіп, тазаланады. Ал ошақта дезинфекция және дезинсекция жасалынады. Қарам-қатынаста болғандарға 70 күн медициналық бақылау жүргізіледі. Бөртпе сүзегіне тән, сауыққаннан кейін кейбір адамдарда (барлығында емес)  қоздырғыштар, метаболикалық үдерістің белгісіз мерзімге толық тоқталғанына қарамай,  тіндерде толық жансызданбай, ұйқыдағы түрде ұзақ уақыт сақталады. Егер қандай да бір есеңгіреу не стрестік жағдайларда ауру қоздырғышы паразиттердің тіріліп, инфекцияның қайталануы мүмкін. Бөртпе сүзегінің осы қайталануы Брилл ауруы деп аталады. Клиникалық түрде ауру жеңіл өтеді (бірінші ауырған кездегі қалыптасқан иммунитеттің әсері).  Күнделікті дене, шашты, киімдерді уақтылы жуып , тазалықты сақтау аурудың алдын алуға қойылған мықты тосқауыл.  Өзіңізді және өз айналаңызды таза ұстаңыз. Барлық отбасын битке қарсы ұдайы дезинфекциялап отырыңыз; Итіңіздің үстін кенеден тазартыңыз, итті үйге кіргізбеңіз. Егеуқуйрықты жойыңыз. Ол үшін мысықты немесе қақпанды пайдаланыңыз (бірақ у пайдаланбаңыз, ол басқа жануарларға және балаларға зақым келтіруі мүмкін).  Егеуқұйрық бүргесін жойыңыз. Өлі егеуқуйрыққа жоламаңыз. Оның бүргесі сізге түсуі мүмкін. Егеуқұйрықты және оның бүргеперін өртеп жіберу керек. Егеуқұйрықтың ініне инсектицидтер сеуіп, өңдеңіз.