Демалу орындарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар.

Демалу орындарына қойылатын  санитариялық-эпидемиологиялық талаптар.

Халықтың жаппай демалу орындары – халықтың ұйымдасқан демалысына арналған аумақтар (қалалық жағажайлар, саябақтар, демалыс базалары, спорттық базалар және олардың ашық ауадағы құрылыстары). Жағажайлар эпидемиялық мәні жоғары объектілерге жатады. Суға шомылу маусымы басталар алдында жағажай иелері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге эпидемиялық мәні жоғары объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар алуы тиіс. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары жазғы кезеңде санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг шеңберінде Гигиеналық нормативтер мен Санитариялық қағидалар талаптарының сәйкестігіне су қоймалары мен жағажайлардан топыраққа зертханалық зерттеулер жүргізеді. Жаппай демалу орындарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шiлдедегi № ҚР ДСМ-67 бұйрығымен бекітілген «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарымен регламенттеледі. Санитариялық қағидаларда демалуға және шомылуға арналған орындарға (жағажайларға), оларды орналастыруға, жабдықтауға, жағажай аумағын жинауға және топырақтың беткі қабатын тазартуға қойылатын талаптар белгіленген. Жағажайларда кір жууға және жануарларды шомылдыруға болмайды. Санитариялық қағидаларда саябақтарға, саябақтар аумағында ұсақ бөлшек сауда және қоғамдық тамақтану объектілерінің жанында урналарды орнатуға қойылатын талаптар, сондай-ақ саябақтар аумағында урналарды орналастыруға, қашықтыққа және жинауға қойылатын талаптар регламенттелген. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін қойылған контейнерлер жағажайлардан және демалушылардың көп жиналатын орындарынан (билеуге арналған алаңдары, эстрада, субұрқақтар, басты аллеялар, ойын-сауық павильондарынан) 50 метрден жақын емес қашықтықта орналасады.