Қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) жинауға, заласыздандыруға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық талаптар

Қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) жинауға,  заласыздандыруға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық талаптар

Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, заласыздандыруға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығымен реттеледі. Елді мекендердің аумағында тұтыну қалдықтарын жинауды, пайдалануды, қолдануды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды және көмуді мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады. Шағын елді мекендерде ҚТҚ көму орындарын жинау, әкету және күтіп ұстау жөніндегі мамандандырылған ұйымдар болмаған кезде қалдықтарды өз бетінше әкететін, жергілікті атқарушы орган қызметінің бақылауымен және қызмет көрсететін орындар ұйымдастырады. Елді мекендерде (тұрғын үй қорының, ұйымдардың, мәдени-бұқаралық мекемелердің, демалыс аймақтарының аумағында) көлік үшін кіреберістері бар қалдықтарды жинауға арналған контейнерлерді орналастыру үшін арнайы алаңдар бөлінеді. Алаң қатты жабынмен орналастырылады және қалдықтардың желмен таралу мүмкіндігін болдырмайтын, бірақ кемінде 1,5 м биіктікке үш жағынан қоршалады. ҚТҚ жинауға арналған контейнерлер қақпақтармен жабдықталуы тиіс. Елді мекендерде контейнерлік алаң уақытша қоныстарды (вахталық кенттер, стационарлық емес объектілер мен құрылыстар) қоспағанда, тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, балалар объектілерінен, спорт алаңдарынан және халықтың демалатын орындарынан кемінде 25 м қашықтықта орналастырылады. Қалыптасқан құрылыс аудандарында, санитариялық алшақтықтарды сақтау мүмкіндігі болмаған кезде, қашықтықтар жергілікті атқарушы органдардың, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің, объектілердің меншік иелерінің және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен комиссиялық түрде белгіленеді. Абаттандырылған тұрғын үй қорында ҚТҚ жинау үшін контейнерлер қолданылады, жеке үй иеліктерінде қақпағы бар еркін конструкциялы сыйымдылықтарды пайдалануға рұқсат етіледі. ҚТҚ шығару уақтылы жүзеге асырылады. Қалдықтарды контейнерлерде 0℃ және одан төмен температурада сақтау мерзімі – үш тәуліктен аспайды, оң температурада – бір тәуліктен аспайды. ҚТҚ контейнерлерінің меншік иесі салынып жатқан учаскенің нақты дамуын және нақты елді мекеннің жергілікті жағдайларын ескере отырып, қалдықтарды тасымалдау үшін көлік құралдарының санын айқындайды. Қоқысты жинау және шығару жөніндегі пайдаланушы ұйымдардан басқа, қоршаған ортаға ұқыпты қарау қажет, күн сайын қаламыздың тазалығына қамқорлық жасайды, белгіленбеген жерлерде қоқысты тастамау керек. Егер әрқайсымыз өз қаласын, тұрғылықты жерімізді жақсы көретін және сақтайтын болсақ, онда  өмір сүру одан да ыңғайлы болады.