“Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығына сәйкес Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификаттар беру тәртібіне байланысты жеке және заңды тұлғалар ветеринариялық сертификат алу үшін тасымалдау басталғанға дейін алдын ала 2 жұмыс күні ішінде жергілікті аумақтық инспекцияға нысан бойынша портал арқылы жүгінеді, ал егерде бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың 39-тарауында көрсетілген дайын сүт, май және балық өнімдеріне ветеринариялық сертификат Еуразиялық экономикалық одақ комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы №317 шешімімен бекітілген Ветеринариялық сертификаттардың бірыңғай нысанына сәйкес №4 нысан бойынша өтініш берген күні рәсімделеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Портал бойынша берілген уақытта электронды цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) куәландырылады және электронды көшірмелері салынады. Құжаттар толық болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болып табылады.
ҚР АШМ ВБ және ҚК Жангелдин аудандық аумақтық инспекциясы Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, яғни бес күн сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30 ға дейін.