Альвеококк (лат. Alveococcus multilocularis)- альвеококкоз ауруын тудырушы паразит. Адам денесінде таралуы эхинококкозға ұқсас, бірақ алғаш бауырды зақымдайды.
Түпкілікті қожайындары- түлкі, қасқыр, ит, аралық қожайындары кемірушілер (тышқандар) және адам. Жалпы алғанда тіршілік циклы эхинококкқа ұқсас.
Адамдар түлкі, ит т.б. терілерінде болатын жұмыртқаларын жұтып зақымданады.
Альвеококкоз эхинококкозға қарағанда сиректеу кездеседі, бірақ ол қатерлі ісік секілді жайылып, бауырды зақымдайды. Альвеококк көпіршігінің диаметрі 15см. жетеді. Алғашқы айларда, тіпті жылдары ауру асимптоматикалық болып табылады. Бірінші белгі-бауырдың ұлғаюы, ол кездейсоқ анықталады. Науқастар оң жақ гипохондриядағы ауырсынуға, терінің сарғаюына, әлсіздікке назар аудара бастайды. Альвеококкоздың асқынбаған ағымында іш қуысында, кеуде аймағында әртүрлі қарқындылықтағы ауырсыну, эпигастрийдегі ауырлық сезімі (кеуде сүйегі мен кіндік арасындағы іштің жоғарғы бөлігінде), жүрек айнуы және кебулер болуы мүмкін.
Алдын алу шаралары Алдын алу бойынша негізгі іс-шаралар жұқтыру мүмкіндігін шектеуге бағытталған. Малды сойып бұзу үшін бөлек бөлме бөлінуі керек. Тәуекел тобындағы адамдарды ауруды ерте сатысында анықтау мақсатында хабардар етуге және тұрақты тексерулерге жіберуге міндетті. жеке тазалықты сақтау; егесіз, қаңғып жүрген иттерді жою; сойылған ірі ұсақ қара малдардың еттерін экспертизадан өткізу;