«Жангелдин ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ аудандық коммуналдық меншік нысандарын сату жөнінде аукцион өткізеді.

«Жангелдин ауданының  экономика және қаржы бөлімі» ММ  аудандық коммуналдық меншік нысандарын сату жөнінде аукцион өткізеді.

Аудандық коммуналдық меншік нысандарын сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 9 тамыз 2011 жылғы № 920 (бұдан әрі – Қағида) қаулысымен бекітілген жекешелендіру нысандарын сату қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

Аукцион 27.06.2025 жыл, сағат 10:00 - де мемлекеттік мүлік тізілімінің www. e-qazyna.kz  веб-порталында өтеді.

АУКЦИОН

Бағаны көтеру әдісі:

  1. Жангелдин ауданы, Торғай ауылы Ы.Алтынсарин көшесі 4, «Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ.

            Шевроле Нива автокөлігі, мемлекеттік номері 198 АА 10. Сұр метал түсті, 2017 жылы шығарылған (Жағдайы қанағаттанарлықсыз, Техникалық жөндеу жұмыстарын қажет етеді.).

            Бастапқы бағасы – 2 592 000 теңге.

            Алғашқы бағасы- 2 592 000 теңге.

            Кепілдік жарна алғашқы бағадан 15% –  388 800 теңге.

  1. Жангелдин ауданы,Торғай ауылы Ы.Алтынсарин көшесі 4, «Жангелдин аудандық мәслихаты» ММ.

            Ssang Yong Nomad авто көлігі, мемлекеттік номер 998 AF10, Сұр түсті (Жағдайы қанағаттанарлық, Техникалық жөндеу жұмыстарын қажет етеді.)

            Алғашқы бағасы 3 950 100 теңге.

            Бастапқы бағасы 3 950 100 теңге.

            Кепілдік жарна алғашқы бағадан 15% - 592 515 теңге.

            3.Жангелдин ауданы, Торғай ауылы,  Ы.Алтынсарин көшесі 4,     «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» ММ

            Тентексай ауылындағы Тентексай көшесінде 9 мекен-жайында орналасқан мектеп ғимараты, жалпы алаңы 54 ш.м.; құрылыс алаңы: 87,8 ш. м., 1981 жылы салынған.

            Алғашқы бағасы 770 117 теңге.

            Бастапқы бағасы 770 117 теңге.

            Кепілдік жарна алғашқы бағадан 15% - 115 518 теңге.

            (Жағдайы қанағаттанарлықсыз, Жөндеу жұмыстарын қажет етеді.)

            Сауда-саттық келісім – шартын рәсімдеу барысында, аукцион жеңімпазы сатушыға төмендегі құжаттардың көшірмесін, түпнұсқаларын анықтау мақсатында осы құжаттардың түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынуға міндетті:

1)  жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың;

2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың; заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады.

3)  шетелдік заңды тұлғалар қазақ және/немесе орыс тілдерінде нотариат куәландырған аудармасы бар құрылтай құжаттарының нотариат растаған көшірмелерін ұсынады.

       Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.

             Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен басталады және сауданың басталуына екі сағат қалғанда аяқталады

          Аукционға қатысу үшін кепілдік жарна «Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ,  ИИК  KZ946017111000000330 шотына, БИК HSBKKZKX «Қазақстан Халық Жинақ Банкі» АҚ, БСН  050540004455, Кбе 16, ТТК 171 енгізіледі.

Сауда қатысушыларын тіркеу хабарлама жарияланған күннен басталады және сауданың басталуына екі сағат қалғанда аяқталады.

Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: 8 (71439) 21-9-85.

www. e-qazyna.kz веб-порталының техникалық жәрдемінің телефоны: 8 (7142) 501-887