Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 8 бұйрығы.
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру тәртібі
Заңның 16-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына және 4-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытындыны (бұдан әрі – ветеринариялық-санитариялық қорытынды) береді.
Ветеринариялық-санитариялық қорытынды алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге өтініш және № 2-стандартта көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Ветеринариялық-санитариялық қорытынды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту өтініш түскен күннен бастап 4 (төрт) жұмыс күні ішінде ресімделеді.
Құжаттарды тапсырғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор өтініш тіркелген кезден бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор ББАЖ АЖ-ны пайдалана отырып, өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту береді және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" хабарлама жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор өтініш түскен күннен бастап 3 (үш)жұмыс күні ішінде объектіге инспекциялауды жүргізеді.
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор:
объектіні зерттеп-қарауды жүзеге асырады және объектінің ұсынылған құжаттарға сәйкестігін тексереді, сол сияқты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру нәтижелері туралы акт жасайды.
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағида негізінде 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыныммен объектінің осы Қағидалардың талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы ЭЦҚ-сы қойылған ветеринариялық-санитариялық қорытындыны (бұдан әрі – ветеринариялық-санитариялық қорытынды) не осы Қағидаларға байланысты нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды ресімдейді және "жеке кабинетіне" мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.
мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру тәртібі– 4 (төрт) жұмыс күні болып есептеледі.
Ветеринариялық-санитариялық қорытынды берген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
Егер осы Қағидалардың көрсетілген талаптарға объектінің сәйкес еместігі туралы, анықталған бұзушылықтар болған жағдайда қызметті алушы оларды жойғаннан кейін ғана осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге қайта өтініш бере алады.
Сондықтан жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарына айтарымыз мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды алуға өтініш берер кезінде жоғарыда айтылған қағидаларға байланысты талаптардың және объектіге сәйкес құжаттарынның толық болуы керек екенінін еске саламыз.
ҚР АШМ ВБ және ҚК Жангелдин
аудандық аумақтық инспкциясы