
Қазақстандағы салауатты жұмыс орындары жобасын енгізу жұмысшылар үшін қолайлы және қауіпсіз қоршаған ортаны құру, салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықты нығайтуға және қорғауға ықпал ететін әдістердің кәсіпорынды басқару саясатының ажырамас бөлігіне айналуын қамтамасыз ету, қоршаған ортаға қоғамдастық және оң әсер ету қажеттілігенен туындады. Бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының салауатты өмір салтын нығайтуға және сақтауға мүмкіндік береді.
«Салауатты жұмыс орындары» жобасы жұмысшылардың, олардың отбасы, қоғамдастықтардың және жалпы қоғамның денсаулығы мен әл-ауқатына оң әсер ететін болады.
«Салауатты жұмыс орындары» жобасы кәсіптік денсаулық пен салауаты өмір салты, қауіпсіз мінез-құлық және жеке гигиена, тамақтану гигиенасы және қауіпсіз азық-түлік, психикалық денсаулық және профилактикалық медициналық көмекке қол жеткізу сияқты мәселелерді біріктіруге мүмкіндік береді – бұл салауатты жұмыс орындарын қалыптастырудың негізі.
Салауатты жұмыс орны - бұл жұмысшылар мен менеджерлер барлық жұмысшылардың денсаулығын, қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қорғау мен нығайтуды жетілдіруде үнемі ынтымақтасатын, негізгі мәселелерді шешу процесінде жұмыс орнын жақсартуға ықпал ететін орын, мысалы:
«Салауатты жұмыс орындары» жобасы ұлттық, экономикалық және әлеуметтік өсудің негізгі факторы болып табылатын салауатты жұмыс күшін қалыптастыруға ықпал етеді.
«Салауатты жұмыс орындары» жобасы қоршаған ортаны қорғайды және экономиканың дамуын қолдайды.
«Салауатты жұмыс орындары» жобасы қоршаған ортаны сақтауға ықпал етеді және салауатты қалалардың дамуына үлес қосады.