Жангелдин ауданы Аралбай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - әкім аппараты), Аралбай ауылы әкімінің (бұдан әрі - әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасы заңнамасымен көрсетілген басқа да қызметтерді жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Әкімнің аппараты өз қызметін Конституцияға және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы әкімнің аппараты туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Әкімнің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауларымен мөр және мөр табандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органында шоты бар.
Әкімнің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынасқа енеді.Әкімнің аппараты заңнамаға сәйкес мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынас жағынан сөз сөйлеуге құқылы.
Аралбай ауылының әкімінің аппараты туралы Ереже, оның құрылымдары аудан әкімімен бекітіледі.
Заңды тұлғаның мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Аралбай ауылы, Тәуелсіздік көшесі, ғимарат 2, пошта индексі 110602.
«Жангелдин ауданы ауданы Аралбай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімімен құрылады, таратылады және қайта құрылады.