Қазахстан Республикасының Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы ЗАҢ

9-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті

  1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:

1) өңірлерді дамыту жоспарларында құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шараларды әзірлейді және іске асырады;

2) құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды;

3) құқық бұзушылықтың алдын алу субъектілерінің жергілікті деңгейде өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

4) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды, сондай-ақ қылмыстық атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде сотталған адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдеседі;

5) жергілікті деңгейде құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж үш жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларды кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында, арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарында күтіп-бағуды қамтамасыз етеді;

7) он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен арнаулы білім беру ұйымдарында ұстауды қамтамасыз етеді;

8) кәмелетке толмағандар үшін, оның ішінде баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар, арнаулы білім беру ұйымдары үшін әлеуметтік инфрақұрылым қалыптастыруды қамтамасыз етеді және олардың қызметіне мониторинг жүргізеді;

9) құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың құрамын тиісті жергілікті өкілді органдарға бекіту үшін ұсынады, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

10) балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізуді және үйлестіруді қамтамасыз етеді;

11) құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыру мониторингін және оның нәтижелерін бағалауды белгіленген тәртіппен жүзеге асырады;

12) азаматтарды құқықтық тәрбиелеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

13) құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшерін айқындайды;

14) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2, Қалалардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері:

1) құқық бұзушылықтың жалпы профилактикасы жөніндегі шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді және оның іске асырылуы үшін жауапты болады;

2) азаматтарды құқықтық тәрбиелеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

3) құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың құрамын тиісті жергілікті өкілді органдарға бекіту үшін ұсынады, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

4) көмек көрсету жөніндегі ұйымдарды құрады және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

5) азаматтарды құқық бұзушылықтың алдын алуға тарту жөнінде шаралар қабылдайды;

6) құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысатын азаматтардың есебін жүргізеді, оларды көтермелеудің түрлері мен тәртібін айқындайды;

7) құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссиялар құрады;

8) ресми ескерту жасайды;

9) кәмелетке толмағандар үшін әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастырады;

10) өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді ұйымдастырады;

11) қызметі құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жөніндегі шараларды жүзеге асыруға, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға байланысты ұйымдық-әдістемелік коммерциялық емес және өзге де ұйымдарға көрсетеді;

12) жәбірленушілерді анықтау және оларға көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелері бойынша ұтқыр топтармен, отбасын қолдау орталықтарымен, психологиялық қолдау орталықтарымен өзара іс-қимылды ұйымдастырады;

13) құқық бұзушылық профилактикасының басқа субъектілерімен өзара іс-қимыл жасайды;

14) зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттерін құрады;

15) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.