ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА ОТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ.

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА ОТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ.

Бүгінде облыста 65 мыңнан астам кәсіпкер бар. 5 ақпанда отандық кәсіпкерлерді қолдаудың жаңартылған кешенді бағдарламасын жүзеге асыру басталды.

- Негізгі құралдарға келетін болсақ: шағын бизнес несиелерін субсидиялау және кепілдендіру шарттары іс жүзінде өзгеріссіз қалды:  салалық несиелеу шектеусіз жүзеге асырылады, субсидияларды қоса алғанда пайыздық мөлшерлеме 7-8% құрайды, несие сомасы 20 млн теңгеге дейін, ал кепілдік сомасы несие сомасынан 85%-ға дейін құрайды, - дейді Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Роза ГОРЯННАЯ.

Сонымен қатар, енді тек шағын және орта бизнес субъектілері ғана емес, ірі кәсіпкерлер де субсидиялар мен кепілдіктер түрінде бұрын болмаған мемлекеттік қолдауға ие бола алады. Осыған байланысты субсидияланатын несиенің шекті мөлшері 3-тен 15 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылды.