2025 жылғы 14 мамырда «Өрт–2025» РКШУ ағымдағы жылдың өрт қауіпті кезеңінде ТЖ жою кезіндегі іс – қимылдарға басқару органдарын, күштер мен құралдарды дайындау бойынша жұмыс кеңесі (бұдан әрі-оқу-жаттығу) өткізілді.
Бұл оқу-жаттығудың мақсаты қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыру және өрт қауіпті маусымда ТЖ-ға ден қоюға дайындық деңгейі болып табылады. Кеңес барысында ТЖ Департаментімен, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қостанай облысының аумағында төтенше жағдайды жою бойынша практикалық іс-қимылдың маңызды мәселелері талқыланды.