Ұйымдастырылған жайылым - эпизоотиялық әл-ауқаттың шарттарының бірі

Ұйымдастырылған жайылым - эпизоотиялық әл-ауқаттың шарттарының бірі

Ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне Қостанай облысының аумағында Қостанай облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаю Қвғидалары қолданылатынын еске саламыз. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға арналған орындарды ауылдық округтердің әкімдері белгілейді.

Қағидаларға сәйкес ауру ауыл шаруашылығы жануарларын, сондай-ақ міндетті ветеринариялық іс-шаралардан (бірдейлендіру, диагностикалық зерттеулер және вакцинациялау) өтпеген жануарларды жаюға жол берілмейді.

Ауыл шаруашылығы жануарларын жайылымға дейін және кері айдау ауыл шаруашылығы жануарларының иелерінің не олар уәкілеттік берген адамдардың сүйемелдеуімен жүзеге асырылуға тиіс. Бұл ретте жануардың иесі айналадағы адамдар мен жануарлардың, сондай-ақ мүліктің өз жануарларына зиян келтіруден қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Ауылшаруашылық жануарларын бақылаусыз жаю және орны ауыстыру мал ұрлығына ықпал етеді, жануарлардың жарақаттануына немесе өліміне әкелуі мүмкін және адамдар мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуына қауіп төндіреді.

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың белгіленген Қағидаларының бұзғаны үшін мал иелерін үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ауылдық округтердің, ауылдардың әкімдері ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша  әкімшілік жауапкершілікке тартуға құқылы.