Ветеринария басқармасының бас мамандары Ж.А. Хасенова мен Н.Б. Бисахалова Қостанай ауданы Садовый кентінің аумағында, Тобыл өзені жағажайының жағалау белдеуінде өткен «Таза су қоймалары» экологиялық акциясына қатысты.
Іс-шара су айдындары мен жағалау аймақтарының экологиялық жағдайын жақсартуға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жұртшылықтың назарын аударуға бағытталған. Акцияға қатысушылар аумақтарды тазалап, жағалауды қоқыстардан тазартты және туған өлкенің табиғи ортасын сақтауға өз үлестерін қосты.