Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының «Қамысты ауданының ветеринариялық станциясы» КМК мамандарды маусымдық арнайы киіммен қамтамасыз етті

Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының «Қамысты ауданының ветеринариялық станциясы» КМК мамандарды маусымдық арнайы киіммен қамтамасыз етті

Ветеринарлық мамандардың қауіпсіздігі мен қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында «Қамысты ауданының Ветеринарлық станциясы» КМК қысқы, сондай-ақ күзгі-көктемгі маусымдарға арналған арнайы киім мен аяқ киім сатып алды.

Станция мамандары барлық қажеттіліктермен – еңбекті қорғау және санитарлық нормалар талаптарына сәйкес келетін оқшауланған киіммен және мамандандырылған аяқ киіммен қамтамасыз етілді. Бұл Ветеринарлық қызметкерлерге ауа-райына қарамастан жылдың кез келген уақытында далада өз міндеттерін тиімді орындауға мүмкіндік береді.

Бұл шара көрсетілетін ветеринариялық қызметтердің сапасын арттыруға және қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған.

https://www.instagram.com/p/DIS5c4uiziK/?next=%2Ft__imanbaev%2F