Қалада жоғары патогенді құс тұмауы бойынша қолайлы эпизоотиялық жағдайды сақтау мақсатында Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының Қостанай қаласы бойынша өкілі және ветеринариялық стансаның мал дәрігерлері құс иелері, шаруашылық жүргізуші субъектілердің мал дәрігерлері және басқа да мүдделі тұлғалар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Осылайша, 2025 жылдың 18 наурызында «Север Птица» АҚ құс фабрикасының өкілдерімен осы мәселе бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Құс фабрикасының атқарушы директоры Жарасбаев А.Е. және мал дәрігері Писаркас Т.В. жабайы және синатропты құстардың қорек, су және құстарды ұстайтын үй-жайлардың жанасуының алдын алу шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Бүгінгі таңда құс фабрикасында 120 мың бас құс болса, келесі жас құстарды жеткізу мамыр айына жоспарланған. Бүкіл отар құс тұмауына қарсы Н5 және Н9 вакциналарымен егілді. Құс фабрикасының басшылығына жоғары патогенді құс тұмауы бойынша қолайлы эпизоотиялық жағдайды сақтау үшін профилактикалық іс-шараларды одан әрі күшейтуді ұсынылды.
Қалада жоғары патогенді құс тұмауы бойынша қолайлы эпизоотиялық жағдайды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда.