Қазіргі уақытта 2025 жылға бекітілген ветеринариялық іс-шаралар жоспарына сәйкес Қостанай облысының аудандық және қалалық Ветеринариялық станцияларының ветеринарлары ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлеріне ветеринариялық профилактикалық іс-шараларды (диагностикалық және аллергиялық зерттеулер, вакцинациялау) жүргізу бойынша белсенді жұмыс жүргізіледі.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру туралы ветеринариялық іс-шаралар (профилактикалық вакциналау, аллергиялық, диагностикалық зерттеулер, жануарларды бірдейлендіру) бойынша мәліметтерді дерекқорға енгізу олар жүргізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Дерекқорға аллергиялық зерттеулердің нәтижелері туралы мәліметтерді енгізу аллергиялық зерттеулер оқылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Дерекқорға диагностикалық зерттеулердің нәтижелері туралы мәліметтерді енгізу диагностикалық зерттеулердің нәтижелері алынған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Барлық мәліметтерді енгізудің, түзетудің, өзектендірудің барлық тарихы АШЖБ деректер базасында және ветеринариялық паспортта сақталады. Жүргізілген ветеринариялық іс-шаралар туралы деректер ветеринариялық анықтаманы беру кезінде көрсетіледі.