Мал қорымы - әртүрлі аурулардан өлім-жітімге ұшыраған немесе таралуының алдын алу мақсатында сойылған ауыл шаруашылығы және үй жануарларының өлекселерін ұзақ мерзімді сақтауға арналған орын.
Бүгінгі күнге Қостанай облысында 103 мал қорымы бар,оның ішінде 4-і типтік мал қорымы (Қостанай қ., Рудный қ., Лисаков қ., Қарабалық ауданы), қалған 99-ы қарапайым болып табылады.
Айта кетсек, «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ бастамасымен 2023 жылы Арқалық қаласы және аудандар әкімдіктерімен 65 қарапайым мал қорымы салынды.
Сонымен қатар, биологиялық қалдықтар мен өлім-жітімге ұшыраған жануарлардың өлекселерінжою үшін 20 жылжымалы және 6 стационарлық инсинераторлар (өлексе жағатын пештер) қарқынды пайдаланылуда.
Өңірде эпизоотиялық салауаттылықты сақтау үшін Ветеринария басқармасы Қарасу, Қарабалық, Жітіқара аудандарында 3 типтік мал қорымын салуды жоспарлады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Жалпы, Қостанай облысындағы эпизоотиялық жағдай облыстық Ветеринария басқармасының тұрақты бақылауында.